Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК, бұл ретте оның жоғалуына байланысты жеке куәлікті бергені үшін мемлекеттік баж бір жыл ішінде екі реттен артық 0,2 АЕК орнына 1 АЕК құрайды (ҚР Салық кодексінің 667-бабы).
Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.
Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін:
1 жұмыс күніне дейін - 3011,12 теңге;
3 жұмыс күніне дейін - 1581,14 теңге.
басқа облыс орталықтары үшін:
3 жұмыс күніне дейін - 3011,12 теңге;
5 жұмыс күніне дейін - 1581,14 теңге.
облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
7 жұмыс күніне дейін - 605,31 теңге.
Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған жағдайда сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:
Жоғалған жағдайда:
Жеке куәлікті қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын көрсету қажет;
Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).
Ұрланған жағдайда:
Жеке куәліктің ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама;
Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).
{"id":3161,"source_id":3161,"title":"Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж төлеу","service_code":"P20.45","service_link":"http://egov.kz/services/P20.45/"}
Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз