Жеке куәлік дегеніміз не және ол не үшін қажет

Инструкция

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарында міндетті түрде жеке куәлік болу тиіс, өйткені ол тұлғаның жеке басын куәландыратын негізгі құжат. Ол 16 жасқа толған азматтарға 10 жыл мерзімге беріледі.

Жеке куәлік көптеген қызмет саласында пайдаланылады. Жеке куәлік болмаса, көптеген мемлекеттік қызметті, банк және басқа да ұйымдардың қызметтерін ала алмайсыз, мәміле және т.б. жасай алмайсыз.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе 10 күннен 1 айға дейін жарамсыз жеке куәлікпен тұруы үшін ескерту жарияланады. Аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін азамат 4 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта болған ұқсас бұзушылық үшін 13 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жеке куәлікте көрсетілетін деректер:

  • тегі, аты, әкесінің аты
  • туған күні, айы мен жылы
  • ұлты
  • фотосуреті
  • жеке куәлік нөмірі
  • туған жері
  • ЖСН
  • кім бергені
  • қолданылу мерзімі
Дата обновления - 08.02.2024
Справочная информация
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралыҚазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
5336