Ұлттық дәстүр бойынша тегін, атын және әкесінің атын өзгертуге байланысты жеке куәлікті ауыстыру

Инструкция

Жеке куәлікті ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы береді.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін:

  • 1 жұмыс күніне дейін - 3 372 теңге;
  • 3 жұмыс күніне дейін - 1 771 теңге.

басқа облыс орталықтары үшін:

  • 3 жұмыс күніне дейін - 3 372 теңге;
  • 5 жұмыс күніне дейін - 1 771 теңге.

облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

  • 7 жұмыс күніне дейін - 678 теңге.

 

Ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде қалаған тегін, әкесінің атын көрсетумен ерікті түрдегі өтінішін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалына (ХҚКО) беріп, жеке куәліктегі тегінің және әкесі атының жазуын өзгерту ниеті туралы өтінім бере алады (тегі мен әкесінің атында қазақ тіліне тән емес аффикстерді қоспағанда).

ХҚКО-ға барғанда өзіңізбен мынадай құжаттар болу тиіс:

  • Өтініш;
  • Туу туралы куәлік;
  • Ауыстыруға жататын жеке куәлік;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат.
{"id":3161,"source_id":3161,"title":"Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж төлеу","service_code":"P20.45","service_link":"http://egov.kz/services/P20.45/"}

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.

{"id":4305,"source_id":3134,"title":"ХҚКО-да кезекті броньдау","service_code":"SR.06","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/"}
Дата обновления - 08.02.2024
Справочная информация
«Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923 Жарлығы«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ байланыс ақпараты
1397