Жұмысқа орналасу

Введение

Жұмысты іздеу айтарлықтай көп күш жұмсайтын процесс болуы мүмкін және егер жете даярланбаса, қалаулы нәтижеге әкелмейді.

Егер Сіз алғашқы рет жұмыс іздесеңіз, онда еңбек нарығының таралған әдістері туралы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және жұмысқа орналасудың басқа да ерекшеліктері туралы білуіңіз қажет. Мысалы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі көп жағдайда жекеше компнаияға жұмысқа орналасудан ерекшеленуі мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс іздеу өзінің жекелеген ерекшеліктері бар.

Осы материалда жекеше, мемлекеттік емес құрылымдарға жұмысқа орналасудың ең маңызды мәселелері бойынша қысқа ақпарат жинақталған.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Университетті аяқтағаннан кейін барлық диплом алған мамандар бірден жұмыс таба алмайды. Жұмыс беруші жиі ретінде жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға ықпалды. Осы жағдайда, бітірген түлектермен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарлама көмекке келеді.

Осы бағдарлама төмендегі мамандықтар бойынша ЖОО аяқтаған студенттер үшін арналған:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыздандыру;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Осы студенттері үшін мемлекет төмендегі әлеуметтік қолдау бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ұсынады:

  • 70 АЕК мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төлемдерін ұсыну;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01%-да жәрдемақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімінде тұрғын үйді сатып алу және құрылыс жүргізу үшін бюджеттік кредит беру;
  • ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саладағы мекеме мамандарға тарифтік мөлшерлемеден (қалалық елді мекендер) 25% аспайтын лауазымдық еңбекақыны көтеру.

Бағдарламаға қатысу үшін төмендегілер қажет:

  • Сізбен таңдалған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендер және т.б.) жұмысты өздігінен іздеу;
  • кандидат жұмысқа қабылдану кезінде аудандық комиссияға бағдарламаға қатысу туралы өтініші келіп түседі;
  • жұмысты өздігінен іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе өңірлердегі жауапты жұмыскерлерге жүгінуіңізге болады;
  • өңірлерде кадрлардың қажеттілігі туралы деректер облыстық әкімдіктерді басқару сайттарында орналасқан.

Маман бағдарлама бойынша жасаған шартты өз міндетіне ауылдық жерде 3 жылдан кем емес атқаруды алады.

Қалай бағдарламаға қатысуға болады

Қазақстан Республикасы ауылдық жерлер аумағында елді мекенді таңдап, өздігінен онда жұмысты (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендер және т.б.) табуыңыз қажет. Өздігінен жұмысты іздеу мүмкіндігі болмаса, облыстық әкімдіктерге жүгінуіңізге болады. Бос орын бар болуы туралы әкімдіктер сайтында білуге болады.Бұдан әрі Сіз Жобаға қатысу туралы өтінішімен аудандық әкімдік немесе аудандық маңызы бар қала әкімдігіне жүгінуіңіз керек. Оны арнайы комиссияға қайта жолдап, құжаттарды қарап, шешімді шығарады.

Қажетті құжаттар

Көтерме жәрдемақы алу үшін:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • диплом көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрлық қызметпен еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелім орны туралы мәлімет.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредитті алу үшін төмендегіні қосымша ұсынылады:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау акті;
  • некесі туралы куәлік көшірмесі (егер үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда);
  • осы ауылдық елді мекенде маманда, оның жұбайы және баласында жылжымайтын мүлкі болмауы туралы анықтама (бар болған жағдайда).
{"id":19263,"source_id":4072,"title":"Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы ақпарат","service_code":"P3.061","service_link":"http://egov.kz/services/P3.061/"}

Тұрғын үйге құрылыс жүргізуге бюджеттік кредитті алу үшін төмендегіні қосымша ұсынылады:

  • маман атына тұрғын үйге құрылыс жүргізуге ұсынылған жер телімін пайдалануға құқық беру актісі;
  • кепілдік мүлікті бағалау актісі;
  • кепілдік мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үйді құрылыс жүргізудің қаржыландырылған бөліміне жазбаша келісім;
  • некесі туралы куәлік көшірмесі (егер үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда);

Құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады. Жоғарыда аталған басқа да құжаттарды кандидаттан ұсыну құқығы жоқ.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба

Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.

Бірінші міндет шеңберінде аудандардың мастер-жоспарлары қалыптастырылады, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі, сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар берілетін болады.

Екінші міндетті іске асыру субсидиялау арқылы жұмыс берушілердің уәждемесін арттыруға арналған өзекті құралдардың көмегімен, ал жас мамандар үшін-өз дағдыларын арттыруға, өз кәсібін табуға немесе уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, "Жастар практикасы", "алғашқы жұмыс орны", "ұрпақтар келісімшарты" жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін "Күміс жас" жобасы іске асырылатын болады.

Талап етілетін дағдыларға Онлайн-оқыту платформада жүргізіледі skills.enbek.kz, онда сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн-курстар пулы қалыптастырылатын болады.

Әлеуметтік жұмыс орны

Жұмыс орындарын бөлу кезінде осы жұмыс орын барлық қажетті аударымдарды есепке алумен, 12 айдан көп емес мемлекет тарапынан жекеше қаражаттандыруды көздейтінін біліңіз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған 20 АЕК тиіс.

Жастар тәжірибесі

Жастар тәжірибесі түлектердің алынған кәсібі (маманы) бойынша жұмыстың бастапқы тәжірибесін алу мақсатында білім ұйымына түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесіне бағытталған жеке тұлғалардың еңбегіне төленетін мөлшері республикалық бюджеттен айына 30 АЕК құрайды.

Қоғамдық жұмыс

Қоғамдық жұмыс жұмыссыздарға уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылады. Олар жұмыскерден алдын ала кәсіби даярлықты қажет етпейді және жергілікті бюджет қаражаты мен олардың өтініші бойынша жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырады.

Төменде көрсетілген тұлғалардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар:

  1. жұмыссыздар;
  2. жазғы демалыс мерзімінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер;
  3. жұмыссыз ретінде тіркелуіне байланысты жұмыспен қамтылмаған тұлға.

Әлеуметтік жұмыс орындарында, жастар тәжірибесінде  қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін Жұмыспен қамту орталығына төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • қатысуға өтініш;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

  • білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ білім алғаны туралы растайтын құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда;
  • техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін растайтын құжаттардың көшірмесі (ЖТ үшін);
  • толық емес жұмыс уақыты немесе қысқартылған жалғастырылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе еңбекақыны сақтаусыз демалысқа мәжбүрлі жұмыссыз қалу туралы (жартылай жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер) жұмыс берушінің актісі (ҚЖ үшін);
  • демалыста екендігі туралы оқу орнынан анықтама (ҚЖ үшін).

Жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдер

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.

Бірақ жұмыссыз мәртебесін алу үшін Сіз бірінші қадамда сипатталғандай жұмыс іздеуші ретінде тіркелуіңіз керек.

Содан кейін, халықты жұмыспен қамту орталығы тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде сізге лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

Егер жұмыспен қамту орталығы осы кезең аяқталғаннан кейін сіз үшін лайықты жұмыс таппаса немесе сіз ұсынылған жұмыстан бас тартсаңыз, онда жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Сізді жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын электрондық түрде "еңбек нарығы" ААЖ арқылы жібереді.

Осыдан кейін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы бір жұмыс күні ішінде "еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не бас тарту туралы хабарлама береді.

Осы процедуралардан кейін, сол жерде Жұмыспен қамту орталығында жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтініш беруге болады.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚО);

2) халықты жұмыспен қамту орталығы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады www.gov.kz);

4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік порталы;

5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет ақпараттық жүйеде ұялы телефон нөмірі болған жағдайда көрсетіледі).

{"id":4330,"source_id":3028,"title":"Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: жұмысынан айрылу ","service_code":"P6.40","service_link":"http://egov.kz/services/P6.40/"}

Қажетті құжаттар:

1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе Кандас мәртебесі бар адамдар үшін Кандас куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

*Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.

Төлем мөлшері жұмысынан айырылған тұлға ретінде мәртебе алғанға дейінгі соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар төленген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті 0,4-ті құрайды.

Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындалады:

  • алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;
  • ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;
  • үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;
  • үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;
  • ол үшін қырық сегізден алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;
  • ол үшін алпыс және одан да көп айдан әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда алты айға тағайындалады.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмысынан айырылған жағдайда төленетін бұрын алынған әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі ай шегерілетіндігіне қарай тағайындалатынын атап өткен жөн.

Қандай құжаттарды даярлау қажет

Сәтті әңгімелесу және жұмыс берушінің келісуінен кейін жұмысқа алу үшін еңбек шартын жасау үшін құжаттардың стандартты пакетін жинау қажеттілігі пайда болады.

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді

Еңбек шарты екі данада жасалады, оның әрбірі екі тараппен қол қойылады. Бір данасы Сізге беріледі, екіншісі жұмыс берушіде сақталады.

Еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттар:

  • жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
  • тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін); (жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шарты; жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; қызметтік тізім; аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмелер; жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы МӘСҚ-дан мәліметтер; дуальді оқыту туралы шарт; жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама);

Бұл еңбек шартын жасасу үшін қажетті негізгі құжаттар.

Сонымен қатар, қызмет түріне байланысты талап етілуі мүмкін:

  • алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін).
  • кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, Мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін - қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  • Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Жұмысты өздігінен қалай іздеуге болады

 

Егер Сізді жұмыстан босатса немесе қысқартуға түскен кезде нені білу қажет

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 131 - бабына сәйкес жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96 - бабына сәйкес Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Сондай-ақ еңбек шартында көзделген өзге де төлемдер.

Барлық төлемдер ол тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Өзінің еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы.

Мүгедек адамдар нені білуі керек

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласында қызмет түрлерін, оның ішінде еңбек, кәсіби даярлық және қайта дайындық, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналасуға еркін таңдау құқығы бар.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  9 -бабының 6 - тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жолымен халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді

Квота төмендегі жұмыскерлердің тізім санымен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен белгіленеді:

  • жұмыскерлердің тізім санымен 2% мөлшерінде – 50-ден 100-ге дейінгі адамдар;
  • жұмыскерлердің тізім санымен 3% мөлшерінде – 101-ден 250-ге дейінгі адамдар;
  • жұмыскерлердің тізім санымен 4% мөлшерінде – 251-ден жоғары адамадар.

Сонымен бірге, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

Осы квота зейнет жасындағы тұлғалар үшін рұқсат етілмейді.

Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға медициналық қорытындыға сəйкес денсаулық жағдайына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Мүгедектігі бар адамдар үстеме жұмысқа жіберілмейді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мүгедек адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде грант алуға құқылы, субсидияланатын және субсидияланатын қызмет түрлеріне жұмысқа орналасады. жұмыс орындары (әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары, жастар практикасы).

Мүгедектігі бар адамға жоғарыда көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.