Жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдер

Инструкция

Әлеуметтік қорғау міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» қаражаты есебінен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер түрінде ұсынылады.

Әлеуметтік төлемді тағайындау құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды.

Жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Бұл қызмет проактивті болып табылады, яғни өтініш беру қажеттілігі жоқ. Қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетіледі. Қызмет екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Әлеуметтік төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Төлем мөлшері соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.

Дата обновления - 05.07.2024
Справочная информация
Халықты жұмыспен қамту орталықтары
30947