Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеліп, кеңестер мен жұмыс туралы ұсыныстар алыңыз.
Тіркеуді төмендегідей үш түрлі тәсілмен жүзеге асыруға болады:
1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына бару;
2) «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz);
3) Электрондық еңбек биржасы көмегімен (enbek.kz).
Тіркелу үшін жеке басты куәландыратын құжат қана қажет.
Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.