Егер Сізді жұмыстан босатса немесе қысқартуға түскен кезде нені білу қажет

Инструкция

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 131 - бабына сәйкес жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96 - бабына сәйкес Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Сондай-ақ еңбек шартында көзделген өзге де төлемдер.

Барлық төлемдер ол тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Өзінің еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы.

Дата обновления - 22.05.2023
Справочная информация
Еңбек кодексі
3404