Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша кету не тұрақты тұрғылықты жерге кету кезінде алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.
Келісім болмаған кезде мүдделі тұлға сотқа алименттің мөлшерін нақты ақшалай сомада айқындау туралы, алименттерді біржолғы төлеу туралы, алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы не заңнамада көзделген алименттік міндеттемені орындаудың өзге де тәсілі туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен борышкердің Қазақстан Республикасынан кетуіне уақытша шектеу қолдануға құқылы.