Кәмелетке толмаған балаларға алимент мөлшері

Инструкция

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуді олардың ата – аналарынан ай сайын: бір балаға – төрттен бір, екі балаға – үштен бір, үш және одан да көп балаға-ата-аналарының жалақысының және (немесе) өзге де табысының жартысы мөлшерінде өндіріп алады.

Көрсетілген үлестердің мөлшерін тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және назар аударуға лайық өзге де мән-жайларды ескере отырып, сот азайтуы немесе ұлғайтуы мүмкін.

Заңнамада көзделген жағдайларда сот ай сайын өндіріп алынатын қатты ақшалай сомада не бір мезгілде табысқа және (немесе) өзге табысқа үлестерде және қатты ақшалай сомада алимент мөлшерін айқындауға құқылы.

Алимент бойынша берешекті анықтау

Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы айқындайды.

Егер борышкер берешек айқындалатын кезеңде жұмыс істемесе не оның жалақысын және (немесе) өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаса, берешек берешекті өндіріп алу сәтіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшеріне сүйене отырып айқындалады.

Алимент бойынша берешек болған кезде сот орындаушысы берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада көзделген мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдайды.

Дата обновления - 08.05.2026
Справочная информация
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ЗаңНеке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
34218