Егер алимент мөлшері белгіленгеннен кейін Тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот тараптардың кез келгенінің талабы бойынша алименттің белгіленген мөлшерін өзгертуге не алимент төлеуге міндетті адамды негіздер болған кезде оларды төлеуден босатуға құқылы.
Алименттерді төлеуден босатуға не олардың мөлшерін өзгертуге заңда белгіленген тәртіппен ғана жол беріледі.
Атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтару ата-ананың кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу жөніндегі міндетін тоқтатпайды және алимент төлеуден босату болып табылмайды.
Атқарушылық құжат заңнамада белгіленген мерзім шегінде орындауға қайта ұсынылуы мүмкін.