
Дербес жасаған әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы бәсекелестік деп танылады.
Бәсекелестік: жарыспалылық, адалдық, заңдылық, тұтынушылар құқықтарының сақталу бастауларына негізделеді, олар нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.
2020 жылдың соңында сауда-саттықты 2021 жылдың наурызынан бастап іске қоса отырып, Биржалық тауарлар тізбесіне бензинді қоса алғанда, мұнай өнімдері тобы енгізілді.
Ағымдағы жылғы 31 наурызда ҚР МӨЗ өндірісіндегі бензинмен биржалық сауда-саттық басталды, онда сауда-саттық ашылған күні бастапқы баға нарықтағы ең ірі алыс-берістердің ең төменгі бағалары деңгейінде қалыптасты 174 000 – 178 000 тг / тн өндіруші зауытына байланысты ҚҚС есебімен (130-134 тг/л бағдарланған).
Аи-92 бензинінің сауда-саттығы 2021 жылғы 31.03-06.04. аралығында өтті, оның қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға:
АМӨЗ-202 000 тг/тн
ПМХЗ-212 000 тг/тн
ПКОП-215 000 тг/тн
Биржалық сауда-саттықта бағаның өсуі тұтастай алғанда елімізде, салалық уәкілетті органның ақпараты бойынша АИ-92 бензині қорының ағымдағы деңгейі қолайлы деңгейде тұрғанына қарамастан, Атырау МӨЗ-де жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына және бензин өндірісінің жоспарлы көлемінің төмендеуіне байланысты сұраныстың артуына негізделеді. Осыны ескере отырып, дүрлікпе сұраныс пен бағалардың өсуінің алдын алу үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін және бензин көлемімен ахуал тұрақтанғанға дейін сауда-саттық тоқтатыла тұрды.