Меню

Страницы

Статья

КВИ: Қазақстанның ірі зертханалары ПТР тест бағасын төмендетіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КВИ ПТР бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19 ПТР бағасын 7000-нан 6500 теңгеге дейін төмендетті. Екі апта бұрын, 15 ақпаннан бастап INVIVO КДЗ бағасын 9 000 теңгеден 6500 теңгеге дейін төмендетті. ОЛИМП КДЗ мәліметтері бойынша, зерттеу құнын төмендету анализаторлар паркін одан әрі кеңейту және жаңа ПТР зертханаларының қуатын арттыру арқылы мүмкін болды. INVIVO-да зертханалардың қуатын арттыру және өндірістік процестерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін бағаның төмендеуі мүмкін болды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БҚДА COVID-19-ға ПТР-тестілеу нарығындағы бағаларға мониторинг және салыстырмалы талдау жүргізді, нәтижесінде БҚДА нарықтың жеке және мемлекеттік қатысушыларына КВИ-ға ПТР-тестілер құнының баға диапазонын қайта қарауды ұсынды, ол 18 000 теңгеден 11 500 теңгеге дейін ауытқиды және оны қолдану бағаны 9 000 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасасуды ұсынды. Тұтастай алғанда, Қазақстан нарығында COVID-19-ға ПТР-тестілеуді шамамен 36 субъект жүргізеді, бұл ретте негізгі нарықтық үлеске республика бойынша филиалдары бар 3 компания ие: «ОЛИМП «КДЗ» ЖШС (61%), «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (12%) және «INVIVO» ЖШС (5%). Қалған 22% нарықтық үлес 33 өңірлік зертханаға (жеке және мемлекет қатысатын) тиесілі. 2020 жылғы қазанда БҚДА және оның аумақтық бөлімшелері нарыққа қатысушылармен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-бабына сәйкес 9 000 теңгеден аспайтын босату бағасын белгілей отырып, 36 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс жасау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл ретте, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жеке зертханалары бағаны тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті. БҚДА КВИ ПТР-тестілеу нарығының субъектілерімен бұрын жасалған комплаенс бойынша жұмысты жалғастырып жатыр және ай сайын баға мониторингін жүргізеді. 2021 жылғы ақпандағы жағдай бойынша реагенттерді сатып алуға ағымдағы шығындарды талдау базалық нарық субъектілерін: «ОЛИМП» КДЗ - 6500 тг (алу 700 тг), «INVIVO» ЖШС - 6500 тг (алу 1000 тг), бұл ретте пайдаланылатын реагенттердің сапасын сақтай отырып, бағаны 9000 теңгеден 7000 тг дейін төмендетуге шақыруға мүмкіндік берді.

 https://www.inform.kz/kz/kvi-kazakstannyn-iri-zerthanalary-ptr-test-bagasyn-tomendetip-zhatyr_a3759847

Дата публикации
03 марта 2021
Дата обновления
03 марта 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы