Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Еуразиялық банк» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу бөлігінде тергеп-тексеру жүргізді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тұтынушылар банктен банктік қарыз алған кезде олар өмірді жазатайым оқиғадан сақтандыру қызметін күштеп таңғаны анықталды. Нәтижесінде «Еуразиялық банк» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықты тоқтату туралы нұсқама шығарылды. Сізге қаржы қызметтерін тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе сотқа жүгінуге кеңес береміз.
2020 жылдың соңында сауда-саттықты 2021 жылдың наурызынан бастап іске қоса отырып, Биржалық тауарлар тізбесіне бензинді қоса алғанда, мұнай өнімдері тобы енгізілді.
Ағымдағы жылғы 31 наурызда ҚР МӨЗ өндірісіндегі бензинмен биржалық сауда-саттық басталды, онда сауда-саттық ашылған күні бастапқы баға нарықтағы ең ірі алыс-берістердің ең төменгі бағалары деңгейінде қалыптасты 174 000 – 178 000 тг / тн өндіруші зауытына байланысты ҚҚС есебімен (130-134 тг/л бағдарланған).
Аи-92 бензинінің сауда-саттығы 2021 жылғы 31.03-06.04. аралығында өтті, оның қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға:
АМӨЗ-202 000 тг/тн
ПМХЗ-212 000 тг/тн
ПКОП-215 000 тг/тн
Биржалық сауда-саттықта бағаның өсуі тұтастай алғанда елімізде, салалық уәкілетті органның ақпараты бойынша АИ-92 бензині қорының ағымдағы деңгейі қолайлы деңгейде тұрғанына қарамастан, Атырау МӨЗ-де жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына және бензин өндірісінің жоспарлы көлемінің төмендеуіне байланысты сұраныстың артуына негізделеді. Осыны ескере отырып, дүрлікпе сұраныс пен бағалардың өсуінің алдын алу үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін және бензин көлемімен ахуал тұрақтанғанға дейін сауда-саттық тоқтатыла тұрды.
Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабының 2-тармағына сәйкес егер мәміле бір тұлғалар тобының ішінде жасалса, оны жүзеге асыру экономикалық шоғырлану деп танылмайды. Өз кезегінде тұлғалар тобын айқындау үшін Кодекстің 165-бабында регламенттелген белгілер қолданылады. Осылайша, Сатушы мен Сатып алушы бір тұлғалар тобына жатқызылған жағдайда, мәміле экономикалық шоғырлану белгілеріне жатпайды.