Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған адал бәсекелестікке кедергі келтіретін негізгі проблемаларды шешуге бағытталған заң жобасын қабылдауға қатысты тапсырмасын іске асыру үшін Агенттік қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.
Тұжырымдамада Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Жарлығымен көзделген бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың бағыттарын іске асыру болып айқындалған.
Заң жобасының тұжырымдамасында цифрлық экономиканы дамыту және оның жаһандануы жағдайында монополияға қарсы реттеуді жетілдіру, жекелеген экономикалық функцияларды іске асыруға және қызметтерді монополиялық көрсетуге уәкілетті мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін реттеу, экономиканы мемлекет иелігінен алу, мемлекеттік сатып алуды дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары мен негізгі қуаттарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің комплаенс-жүйелерді енгізуін ынталандыру, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалауды енгізу сияқты өзекті мәселелер қаралады.
Ұсынылған жаңалықтарды іске асыру тауар нарықтарының жұмыс істеуінің жүйелі проблемаларын шешіп қана қоймай, сонымен қатар монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.
Заң жобасының тұжырымдамасы осы жерде жарияланды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7046648