1922 жылы ТүркЦик шағын Президиумының 2 сәуірдегі №54 қаулысымен Қапал уезінің Гавриловское ауылы Талды-Қорған атауымен уездік ауыл болып өзгертіледі, ал Қапал уезі Талды-Қорған уезі болып өзгертіледі. Журналь
1944 жылы Талды-Қорған ауылына Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 15 наурыздағы Жарлығымен қала мәртебесі беріліп, Талды-Қорған облысы болды.
Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысының орталығы болып келді. 2022 жылдың маусымынан жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы.