«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат.

Мекемеде 11 мемлекеттік қызметкер, 5 адам келісім шартпен және 70 (бөлімше меңгерушісі – 5, консултант – 4, бағалаушы – 1, жүргізуші -2, әлеуметтік қызметкер – 58) әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасайды.

2023 жылға жалпы бюджет сомасы – 3825,9 млн. теңге (2022 ж – 3190,5 млн. тенге). Ағымдағы жылғы 17 қарашаға игерілген қаражат – 3194,8 млн. теңге. Освоение 84%.

          Мекеме – 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша азаматтарға қызмет көрсетеді. (2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілді - 7 мемлекеттік қызмет; Талдықорған қаласының Мансап орталығына –  мемлекеттік қызмет)

Ағымдағы жылдың басынан 29991 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы – 9048, веб- портал арқылы – 10160,  мемлекеттік  мекемеде - 10783 (2022 ж – 49222 мемлекеттік қызмет, оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы – 12763, веб- портал арқылы – 17389,  мемлекеттік  мекемеде  - 19070).

Мемлекеттік мекеменің ведомствосында:

  1. «Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (25 бірлік – 1619,5 млн. теңге) (Ағымдағы жылғы 1 шілдеден Әлеуметтік кодекстің 20-бабының 2-тармағына сәйкес Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Талдықорған қаласы бойынша Мансап орталығы құрылды);
  2. «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған бейімдеу орталығы» КММ (55 бірлік – 193,7 млн. теңге); 150 орынға арналған. Жыл басынан орталыққа 172 адам жүгінді, қазіргі уақытта 50 адам қызмет алуда.
  3. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ (22,5 бірлік – 443,3 млн. теңге) бар. Орталық 35 адамдық жатын орынға (25 әйел, 10 бала) арналған. Жыл басынан орталыққа 98 адам (31 әйел, 67 бала) жүгінді, қазіргі уақытта 22 адам (7 әйел, 15 бала) қызмет алуда.
  4. «Салтанат сарайы» КММ, (23 бірлік – 84,3 млн. теңге), (Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде);

 

Әлеуметтік көмектер түрлері

 

Қала бойынша көп балалы аналар саны - 6205 (оның ішінде                         4-5 баласы барлар - 4604, «Күміс алқа» - 934, «Алтын алқа» – 667).

А.ж. 17 қарашада атаулы әлеуметтік көмек 2198 отбасы 10361 отбасы мүшелеріне 1090,4 млн. теңге (2022 ж – 2650 отбасы 11986 отбасы мүшелеріне 1,3 млрд. теңге) тағайындалып, төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 3468 балаға әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5175 теңге) ай сайынғы қосымша төлем                    126,2 млн.теңге тағайындалып, төленді.

(2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 2856 балаға азық-түлік жиынтығы түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер (гипоаллергенді балалар ботқасы, сүт, балалар печеньесі және т.б.) және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы (балалар тіс пастасы, балалар сабыны, балалар сусабыны және т.б.) 194,6 млн. теңгеге берілді).

Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін (жылу жүйесіне,сумен, электр жүйесімен, газбен қамтуға, қатты қоқысты шығаруға, байланыс қызметіне және көмір алуға) 112 отбасына 173 отбасы мүшелеріне – 3,1 млн.теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді (2022 ж – 128 отбасы 237 отбасы мүшелеріне 3,5 млн. теңге).

 Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеуге 198 балаға  8,8 млн. теңге тағайындалып төленді (2022 ж – 232 балаға 12,1 млн. теңге).

  Сонымен қатар қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2153 адамға – 263,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді (2022 ж – 2244 адамға 257,5 млн. теңге):

 Ұлы Отан соғысының ардагері 3 адамға – 4,5 млн. теңге  (2022 ж –    3 адамға 3,6 млн. теңге);

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 30 адамға – 4,5 млн. теңге (2022 ж – 35 адамға 3,5 млн. теңге);

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 313 адамға –    47,0 млн. теңге (2022 ж – 313 адамға 31,3 млн. теңге);

Чернобыль апатына қатысқандар 104 адамға – 15,6 млн. теңге (2022 ж – 107 адамға 10,7 млн. теңге);

Таулы Қарабақтағы, Тәжік-Ауған шекарасындағы, Ирак шекарасындағы әскери қызметшілер 122 адамға – 18,4 млн. теңге (2022 ж – 104 адамға 10,4 млн. теңге);

Тыл еңбеккерлері және Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлері 816 адамға – 49,7 млн. теңге (2022 ж – 922 адамға 29,7 млн. теңге);

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне 70 адамға – 10,4 млн. теңге (2022 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне 60 адамға – 6,0 млн. теңге).

әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 137 адамға –  
17,1 млн. теңге
(2022 ж – 130 адамға 17,5 млн. теңге);

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында баратын аз қамтылған отбасылардың балаларының төлем ақысын өтеуге 520 балаға –

83,0 млн. теңге (2022 ж – 448 адамға 85,5 млн. теңге);

пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға 8 адамға – 0,4 млн. теңге (2022 ж – 21 адамға 1,0 млн. теңге);

табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен 1 отбасына –  
0,7 лн. теңге
(2022 ж – 1 адамға 0,6 млн. теңге);

жоғары оқу орындарында білім алуға аз қамтылған отбасынан шыққан 26 студентке – 12,2 млн.теңге (2022 ж – 77 студентке
31,4 млн. теңге);

Ұлы Отан соғысының 3 ардагерлеріне әлеуметтік көмек –

0,3 млн. теңге (2022 ж – 4 ардагерге 0,3 млн. теңге);

2022 жылы қаңтар оқиғасында зардап шеккен 19 адамға –

 26,0 млн. теңге;

 

Мүгедектігі бар тұлғаларды қолдау мақсатында

 

Қалада 6976 мүгедектігі бар тұлғалар бар, оның ішінде:

1 топтағы мүгедектігі бар – 817,

2 топтағы мүгедектігі бар – 2656,

3 топтағы мүгедектігі бар – 2495,

Бала жасынан мүгедектігі бар – 1008.

Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылға 1469,6 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 1008,3 млн. теңге игерілді (2022 жылы 812232,0 мың теңге).

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ағымдағы жылғы

17 қарашасына 4913 мүгедектігі бар тұлға техникалық оңалту құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде: гигиеналық құралдармен – 1885 (2022 ж - 1929) адам, санаторлық-курорттық жолдамамен – 983 (2022 ж – 1125) адам, тифлоқұралдармен –

268 (2022 ж - 271) адам, сурдоқұралдармен - 263 (2022 ж - 326)  адам, протездік-ортопедиялық бұйымдармен – 525 (2022 ж - 802)  адам, қол арбамен - 254 (2022 ж - 268)  адам қамтамасыз етілді. Жүріп тұруы қиын 1 топтағы - 569 (2022 ж - 554)  мүгедектігі бар тұлғаға жеке көмекшінің қызметі, 166 (2022 ж - 160)  мүгедектігі бар тұлғаға ымдау маманының қызметі ұсынылды.

Инватакси.

Қалада екі «Инватакси» қызметі жұмыс істейді, оның ішінде: мүгедектігі бар тұлғаларды тасымалдау бойынша электроподъемнигі бар 13 арнайы автокөлік (8-болған,
3 - "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы, 4 – бюджет қаражатына).  «Инватакси» қызметтері күніне 100-ге жуық тапсырысты жүзеге асырады.

2023 жылы әлеуметтік тапсырыс бойынша  «Инватакси» қызметіне - 107,0 млн теңге бөлінді (2022 жылға – 79,5 млн. теңге).

Талдықорған қаласы бойынша 187 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізілді. Оның

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде
117 мүгедектігі бар бала және 274 қарт адам есепте тұр, 70 (бөлімше меңгерушісі – 5, консултант – 4, бағалаушы – 1, әлеуметтік қызметкер – 58, Жургізуші - 2) әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет көрсетеді (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық).

                              Әлеуметтік тапсырыс 

2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар іске асырылуда:

«Интернет-радио мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерінің шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға бағытталған» - 12,0 млн. теңге (2022 жылға – 8,0 млн. теңге игерілді);

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту қызметтерін ұйымдастыру» -    80,0 млн.  теңге (2022 жылға – 45,9 млн. теңге игерілді);

«Әлеуметтік тұрғыдан осал жағдайдағы балалары бар отбасыларға жеке бағытталған қолдау көрсету бойынша қызметтер (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде)» -  35,0 млн. теңге (2022 жылға – 31,2 млн. теңге игерілді):

«Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 53,5 млн. теңге сомасына – мүгедектігі бар адамдарды тасмалдау қызметі Инватакси
(2022 жылға – 39,8 млн. теңге игерілді);

«Берен» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 53,5 млн.теңге сомасына – мүгедектігі бар адамдарды тасмалдау қызметі Инватакси
(2022 жылға – 39,7 млн. теңге игерілді);

«Он сегіз жастан асқан, мүгедектігі бар (ақыл-ой кемістігі бар) адамдарды әлеуметтендіру, тігін ісінің дағдыларына, жылыжай дақылдарын өсірі, кондитер-аспаз мамандығы және робототехника дағдыларын оқыту»  - 6,0 млн. теңге;

«Көп балалы әйелдер, зейнеткерлік жасқа дейінгі әйелдер және мүгедектігі бар адамдар үшін өз ісін құру мақсатында тігін ісін оқыту (киімді реставрациялау, түрлі кәдесыйлар дайындау) – 4,0 млн. теңге;

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың арнайы жүріп-тұру құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету» - 8,0 млн. теңге.

Жұмыссыз азаматтарға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады.

Техникалық кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша а.ж. 250 адамды қысқа мерзімді кәсіби оқуға жіберу жоспарланып, а.ж. 17 қарашада 250 адам жіберілді.

Жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 85 адамға грант беру жоспарланып, бүгінгі күні жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 35 адам 48,3 млн.теңге сомасында грант алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 38 адам, жастар практикасына жоғары және орта арнайы білімі бар 169 түлек, қоғамдық жұмысқа 1184 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жоба 66 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам жолдамамен жіберілді.

Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша бос жұмыс орындарына  1680 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға