
9 ш/а үй құрылысы.
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласының 9 шағын ауданында 1510 пәтерлі 122,6 мың шаршы метр болатын 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жалпы ауданы 44,1 мың шаршы метр (несиелік тұрғын үй) 509 пәтерге арналған 14 үй пайданалуға қабылданды.
Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында жалпы ауданы 60,5 мың шаршы метр 783 пәтерге арналған 21 үйді (оның ішінде кредиттік тұрғын үй 675 пәтерге 51,3 мың шаршы метрге 17 үй, жалға берілетін тұрғын үй 9,2 мың шаршы метрге 108 пәтерге 4 үй) пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, қаңтар айында 9 шағын ауданында 218 пәтерлі (ауданы 17,9 мың шаршы метр) 6 үйдің құрылысы басталды. Аяқталу және пайдалануға беру мерзімі 2024 жылға жоспарланған.
9 ш/а инженерлік желілер.
9 ш/а қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы қыркүйек айында магистральдық және орамшілік инженерлік желілерді салуға шарттар жасалды.
Магистральдық инженерлік желілерді жүргізу бойынша жұмыстарды "Ремстрой" ЖШС жүргізеді. Газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жоба бойынша 1,8 км құрайды (1,8 км салынды), электрмен жабдықтау желілері мен газбен жабдықтау құбырларын монтаждау жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, "Алматыинжстрой" АҚ-мен орамішілік инженерлік желілер мен абаттандыру құрылысына шарт жасалды. Ұзындығы 5,0 км (жоба бойынша 7,2 км) жылумен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар орындалды. Ұзындығы 1,5 км (жоба бойынша 3,0 км) сумен жабдықтау және ұзындығы 1,0 км (жоба бойынша 1,8 км) кәріз құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Газбен жабдықтау 0,6 км (жоба бойынша 3, 5 км) және сыртқы байланыс желілері 1,0 км (жоба бойынша 3,9 км) салынды.