Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Заңның 7-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Көрсетілген талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың банктерді қарыз аушылардың банктік заемдері бойынша шарттарын өзгертуге міндеттеу бойынша құқықтары жоқ (атап айтқанда сыйақы ставкасын төмендету, төлеу кестесін өзгерту, төлемдер бойынша мерзімін шегеру, қарызды кешіру және т.б.).
Осыған байланысты сіз қарызды қайтару шартын өзгерту туралы өтінішіңбен қарыз алған банкке баруыңыз қажет.
Банк сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ішкі банктік бағдарламалар шеңберінде аталған қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен басқа банктерге барып өтініш бере аласыз.
Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады.
Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу, ЖСН көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұлан әрі - Заң) 67-бабындағы 1-тармақшасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардан бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен қамтамасыз етілесіз.
Құқықтық негіз болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұзып тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.
Сонымен қатар, сіздің жергілікті атқарушы органға уақытша тұрғын үй бөлу туралы өтініш беруге құқыңғыңыз бар.