
Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023 жылғы 27 қазанда бекіткен № 949 «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасын (бұдан әрі — Жоба) іске асыруда.
2026 - 2027 жылдар.
Жобаның негізгі мақсаты — ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде оптикалық байланыс желілерін үй шаруашылықтары деңгейіне дейін жеткізу.
Қамту аясы 445 мыңнан астам үй шаруашылығын және шамамен 2,3 млн адамды құрайды. Жаңадан салынған оптикалық желілердің болжамды жалпы ұзындығы шамамен 3,8 мың шақырым болады. Үй шаруашылықтарының кемінде 80%-ын жоғары жылдамдықты инфрақұрылыммен қамту жоспарлануда.
Жоба байланыс операторларының жеке қаражаты есебінен ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылым салуды көздейді. Құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекет расталған күрделі шығындардың 50%-на дейін өтеусіз үлестік гранттар түрінде өтейді. Салынған желілер байланыс операторларының теңгерімінде қалады. Байланыс операторларының Жобаға қатысуы ашық конкурс нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
Бұл жоба әлеуметтік-экологиялық тәуекелдерді басқару жүйесін көздейді және өзара байланысты үш бағытты қамтиды:
Жобаны тиісінше іске асыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті Жобаны басқару тобын құруда. Қазіргі уақытта Жоба іске қосу сатысында тұр, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық және Гранттар жөніндегі нұсқаулық әзірленді.
Жоба тек инфрақұрылымдық бастама ғана емес, сонымен қатар елдің 17 өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық трансформацияның маңызды құралы болып табылады.
Ашық конкурс, 1-пул (1-7-лоттар), 13.02.2026ж.
Ашық конкурс, 2-пул (5, 8-14-лоттар), 20.03.2026ж.
Ашық конкурс, 3-пул (13-21-лоттар), 21.04.2026ж.
Ашық конкурс, 4-пул (22-29-лоттар), 22.05.2026ж.
Ашық конкурс, 5-пул (30-36-лоттар), 05.06.2026ж.
Ашық конкурс, 6-пул (37-43-лоттар), 11.06.2026ж.
Ашық конкурс, 7-пул (44-50-лоттар), 16.06.2026ж.
Ашық конкурс, 8-пул (51-55-лоттар), 24.06.2026ж.
Ашық конкурс, 9-пул (14, 29, 29, 36-лоттар), 23.06.2026ж.
Ашық конкурс, 10-пул (56-60-лоттар), 07.07.2026ж.
Ашық конкурс, 11-пул (6, 7, 10, 14, 18, 19, 22, 23-лоттар), 21.08.2026ж
Ашық конкурс, 12-пул (34, 35, 36, 39, 50, 57-лоттар), 04.09.2026ж.