Ашық конкурсқа қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін салу кезінде байланыс операторлары шеккен күрделі шығындардың бір бөлігін өтеуге үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарына кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған № 96490-KZ Қарыз туралы келісімді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды (соңғы миль) дамытуға бағытталған үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторларының күрделі шығындарының 50%-на дейін субсидиялау (үлестік гранттар) көзделген.

Бұл № KZDARE/MG-09 (лоттар 14,28,29,36) ашық конкурсы аумақтық принцип бойынша 4 лотқа біріктірілген 16 АЕМ-ді қамтиды (қоса берілген).

Лоттар:

1) Лот-14. - Жамбыл ауданының (Жамбыл облысы) АЕМ-де соңғы миль салу;
 
2) Лот-28. - Алтай ауданының (Шығыс Қазақстан облысы) АЕМ-де соңғы миль салу
3) Лот-29. - Алтай ауданының (Шығыс Қазақстан облысы) АЕМ-де соңғы миль салу
4) Лот-36. - Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының (Ұлытау облысы) АЕМ-де соңғы миль салу
 
 
 

Әр лот бойынша үлестік гранттың шекті сомасы 500 000 АҚШ долларынан аспайды.а

 

Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

1. Бірінші кезең: Алдын ала іріктеу, Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау;
2. Екінші кезең: Конкурстық ұсыныстар: лоттар бойынша банктік кепілдікпен қоса өтінімдер беру.

Ашық конкурсқа халыққа Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәжірибесі расталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген телекоммуникация желілерін жобалау мен салуға қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шағын және орта байланыс операторлары (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар) қатыса алады. Консорциумдар құрамында қатысуға болады.

Консорциум қатысушылары «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» Жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын шартты берген жағдайда Тапсырыс берушінің алдында міндеттемелерді толық және тиісті түрде орындау үшін шарттың қолданылу кезеңі бойы ортақ жауапкершілік көтереді. Консорциум қатысушылары арасында функцияларды, міндеттемелерді және жұмыс көлемін бөлу консорциумның кез келген қатысушысын Тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен шектемейді және босатпайды. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды консорциумның барлық қатысушыларына бірлесіп те, олардың кез келгеніне жеке қоюға құқылы.

Ашық конкурс қатысушылары бірнеше лотқа өтінім бере алады.

Таратылу, банкроттық, қызметін тоқтата тұру үдерісіндегі, салық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдардың қатысуына жол берілмейді.

Ашық конкурсқа 1-кезеңде қатысу үшін байланыс операторы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

1) заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, «А» нысаны бойынша Ашық конкурсқа қатысуға өтінімді (қоса беріледі)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын мемлекеттік кірістер органдарынан анықтаманы;
4) байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы байланыс саласындағы уәкілетті органға жіберілген хабарламаның көшірмесін;
5) өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын мәліметтерді, оның ішінде:

соңғы екі аяқталған қаржы жылындағы бухгалтерлік есептілікті;

меншікті қаражаттың немесе расталған кредиттік лимиттің болуы туралы анықтаманы;

белгіленген нормативтерге сүйене отырып, қаржылық тұрақтылық коэффициентінің есебін.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданыста болатын;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданыста болатын;
8) шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін растайтын, субъект түрін (шағын немесе орта кәсіпорын), БСН/ЖСН және мемлекеттік тіркеу күнін көрсете отырып, Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінен үзінді көшірмені.

Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат куәландырған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қаралмай қайтарылуға жатады.

Ашық конкурс қатысушыларына 1-кезеңде мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) телекоммуникациялық инфрақұрылымды салу және пайдалану саласындағы жобаларды орындау тәжірибесінің болуы. Ашық конкурс қатысушысы соңғы бес жыл ішінде сәтті орындалған, құны кемінде 100 мың АҚШ долларын құрайтын немесе тиісті лоттың есептік құнына байланысты одан аз болатын кемінде бір жобаны ұсынады;
2) білікті персоналдың, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандардың, жобалаушылардың және лицензиялары мен сертификаттары бар қызметкерлердің болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шеңберінде);
3) мамандандырылған техниканы, жабдықты және бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның болуы (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шеңберінде);
4) Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттарын (ӘЭҚ) және әлеуметтік-экологиялық стандарттарын (ӘЭС) білу;
5) ұсыныс беру күнінің алдындағы күнтізбелік жыл кезеңінде қызмет көрсетілген кемінде 350 меншікті абоненттің болуы;
6) Ашық конкурс қатысушысы шарттар бойынша қандай да бір аванстық төлемдерге тәуелсіз өтімді активтердің, ауыртпалық салынбаған жылжымайтын мүліктің, кредиттік желілердің немесе өзге де қаржы ресурстарының болуын не оларға қол жеткізуді қарастырылып отырған шарт (шарттар) бойынша 500 мың АҚШ долларына бағаланған құрылысқа арналған ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде, қатысушының өзге де қаржылық міндеттемелерін есепке алмағанда растайды.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес III санаттан төмен емес құрылыс-монтаж жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданыста болатын;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық жұмыстарды (ЖСҚ) және жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) жүзеге асыруға лицензияның (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шарт негізінде тартылатын) болуы, құрылыс жұмыстарын іске асыру кезеңінде қолданыста болатын;
9) шағын және орта бизнес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК) жатқызу, ШОК субъектілерін жұмыскерлер саны, жылдық айналымы және активтерінің құны бойынша жіктеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттармен расталған.

Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға Ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсынысты дайындауға арналған конкурстық құжаттама пакеті жіберіледі.

2-кезеңде конкурстық ұсыныстарды бағалау техникалық балл мен қаржылық балл үшін аралас бағалау жолымен балдық жүйе негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте техникалық балдың салмағы – 45%, қаржылық балдың салмағы – 55% болады.

Ашық конкурстың жеңімпаздары деп ең жоғары аралас балл жинаған қатысушылар танылады.

1-кезеңге өтінімдер қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша 24» маусым 2026 жылы сағат 08:00-де басталады және 08шілде 2026 жылы сағат 17:30-да аяқталады.

Пүсіп жатқан өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі.

Бірінші кезеңде өтінімдерді ашық ашу оларды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ашуды өткізу орны мен уақыты конкурс қатысушыларына қосымша хабарланады.

Әр лот бойынша өтінім берген компаниялардың тізімі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің сайтында жарияланады.

Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер екі данада (түпнұсқа және 1 көшірме), сондай-ақ электрондық жеткізгіште (флеш-карта, PDF құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген нұсқасының форматы) мынадай мекенжай бойынша қолма-қол мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі: Астана қ., EXPO павильоны, С 2.1 блогы, 2.16-кабинет.

Жоба қатысушыларына үлестік гранттар жөніндегі Нұсқаулықпен мынадай сілтеме бойынша танысу қатаң ұсынылады:https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru, оның ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуға жатады, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары (ӘЭҚ) және әлеуметтік-экологиялық стандарттары (ӘЭС) жөніндегі құжаттарымен танысу ұсынылады.

Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары мен стандарттары жөніндегі құжаттарымен мынадай сілтемелер бойынша танысуға және зерделеуге болады:

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды.

 

Анықтама алуға арналған байланыс ақпараты*:

Жобаны басқару тобы

Электрондық пошта: Darekz2026@gmail.com

Тел. +7 747 676 6262 (құжаттарды тапсыру кезінде)

Дата публикации
23 июня 2026