Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) байланыс операторларының ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілер салу кезінде жұмсаған күрделі шығыстарының бір бөлігін өтеуге арналған үлестік гранттар алу жөніндегі Ашық конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарын жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында, Комитет Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған № 96490-KZ Қарыз туралы келісімді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды (соңғы миль) дамытуға бағытталған үлестік гранттар алу жөніндегі Ашық конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы аймақтарындағы 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторларының күрделі шығыстарының 50%-на дейін субсидиялау (үлестік гранттар) көзделген.
Осы Ашық конкурс аумақтық принцип бойынша 8 лотқа біріктірілген 42 АЕМ-ді қамтиды. (Қоса беріледі).
Лоттар:
Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
Ашық конкурсқа шағын және орта байланыс операторлары (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар), халыққа интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәжірибесі расталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген телекоммуникациялық желілерді жобалау мен салуға қойылатын ең төменгі талаптарға сай келетін операторлар жіберіледі. Консорциум құрамында қатысуға рұқсат етіледі.
Консорциум қатысушылары Тапсырыс берушінің алдында «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуы үшін оның қолданылуының бүкіл кезеңінде ортақ жауапкершілік көтереді. Консорциум қатысушылары арасында функцияларды, міндеттерді және жұмыс көлемдерін бөлу консорциумның кез келген қатысушысын Тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен шектемейді және босатпайды. Тапсырыс беруші келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды консорциумның барлық қатысушыларына бірлесіп те, олардың кез келгеніне жеке де қоюға құқылы.
Ашық конкурсқа қатысушылар бірнеше лотқа өтінім бере алады.
Таратылу, банкроттық, қызметін тоқтату үдерісіндегі, салықтық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдар қатысуға жіберілмейді.
Ашық конкурсқа қатысу үшін 1-кезеңде байланыс операторы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
соңғы екі аяқталған қаржы жылындағы бухгалтерлік есептілікті;
меншікті қаражаттың немесе расталған кредиттік лимиттің бар екендігі туралы анықтаманы;
белгіленген нормативтерге сүйене отырып, қаржылық тұрақтылық коэффициентін есептеуді.
Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариалды куәландырған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қарастырусыз қайтарылады.
Ашық конкурсқа қатысушыларға 1-кезеңде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға Ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс дайындауға арналған конкурстық құжаттама пакеті жіберіледі.
Конкурстық ұсыныстарды 2-кезеңде бағалау техникалық балл мен қаржылық баллға біріктірілген бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте техникалық баллдың салмағы – 45%, қаржылық баллдың салмағы – 55% болады.
Ашық конкурстың жеңімпаздары ең жоғары біріктірілген балл жинаған қатысушылар деп танылады.
Өтінімдерді 1-кезеңде қабылдау 2026 жылғы «26» наурызда сағат 08:00-де басталады және 2026 жылғы «08» сәуірде сағат 17:30-да (Астана қаласы уақыты) аяқталады.
Түсетін өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі.
Бірінші кезеңдегі өтінімдерді жариялы ашу оларды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ашудың өткізілу орны мен уақыты Конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады.
Әрбір лот бойынша өтінім берген компаниялардың тізімі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің сайтында жарияланады.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер үш данада (түпнұсқа және 2 көшірме), сондай-ақ электрондық тасымалдауышта (флеш-карта, құжаттардың түпнұсқадан сканерленген нұсқасының PDF форматы) қолма-қол мына мекенжайға тапсырылады: Астана қаласы, EXPO павильоны, С 2.4, 2.12-кабинет, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде.
Жоба қатысушыларына мына сілтеме бойынша Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамамен танысу ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru, оның ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің экологиялық және әлеуметтік принциптері (ЭАП) және экологиялық және әлеуметтік стандарттары (ЭАС) бойынша құжаттармен танысу қажет. https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru
Дүниежүзілік Банктің экологиялық және әлеуметтік стандарттар бойынша құжаттарымен мына сілтемелер арқылы танысып, зерделеуге болады:
Белгіленген талаптарға сай келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Анықтама алуға арналған байланыс ақпараты*:
Жобаны басқару тобы
Электрондық пошта: Darekz2026@gmail.com
*Электрондық поштаға жіберілетін сұрақтар конкурсқа қатысушының ресми бланкісінде ресімделуі немесе ұйымның мөрін (бар болған жағдайда) қамтуы және конкурсқа қатысушының басшысы не өзге уәкілетті тұлға қол қоюы тиіс. Екі жағдайда да сұрау конкурсқа қатысушының іс жүргізу жүйесінде шығыс тіркеу нөмірі мен күні берілу арқылы міндетті түрде тіркеледі.
Сұрауды консорциум/бірлескен кәсіпорын жіберген жағдайда, мұндай сұрақтар консорциумның/бірлескен кәсіпорынның жетекші қатысушысы (лидері) атынан жіберілуі тиіс.