Ашық конкурсқа қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитеті ауылдық мекендерде телекоммуникациялық желілерін салу кезінде байланыс операторлары шеккен күрделі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарын Интернет желісіне кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитетімен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасында жасалған №96490-KZ Қарыз туралы Келісімді орындау шеңберінде үлестік гранттар алуға ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды, Қазақстан Республикасының Ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы)ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған (соңғы миль).

Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторлары жұмсаған капиталдық шығындардың 50%-на дейінгі бөлігін субсидиялау (үлестік гранттар беру) көзделген.

Аталған Ашық конкурс аумақтық қағидат бойынша 7 лотқа біріктірілген 44 ауылдық елді мекенді (АЕМ) қамтиды (қоса беріледі).

  1. 1-лот – Қызылорда облысы, Қазалы ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  2. 2-лот – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  3. 3-лот – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  4. 4-лот – Қызылорда облысы, Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  5. 5-лот – Түркістан облысы, Сайрам ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  6. 6-лот – Алматы облысы, Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу
  7. 7-лот – Жамбыл облысы, Жамбыл және Байзақ аудандарының ауылдық елді мекендерінде соңғы миляны салу

Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

  1. Бірінші кезең: Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала іріктеу, қабылдау;
  2. Екінші кезең: Конкурстық ұсыныстар: банктік кепілдікпен қоса лоттар бойынша өтінімдер беру.

Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, халыққа Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін көрсету бойынша расталған тәжірибесі бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген телекоммуникациялық желілерді жобалау және салу жөніндегі ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шағын және орта байланыс операторлары (заңды тұлғалар) қатысуға жіберіледі. Консорциум құрамында қатысуға жол беріледі. Ашық конкурсқа қатысушылар бірнеше лот бойынша өтінім беруге құқылы.

Ликвидациялау, банкроттық, қызметін тоқтата тұру процесінде тұрған, салықтық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Ашық конкурсқа қатысу үшін 1-кезеңде байланыс операторы белгіленген мерзімде төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті:

  1. «А» нысаны бойынша (қоса беріледі) заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  3. бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығын растайтын мемлекеттік кірістер органдарынан алынған анықтама;
  4. байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастау туралы байланыс саласындағы уәкілетті органға жолданған хабарламаның көшірмесі;
  5. өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын                                   мәліметтер, оның ішінде: соңғы екі аяқталған қаржы жылына арналған бухгалтерлік есептілік;

меншікті қаражаттың бар екенін немесе расталған кредиттік лимиттің бар екенін растайтын                                                                                               анықтама;

белгіленген нормативтерге сәйкес есептелген қаржылық тұрақтылық коэффициентінің есебі.

 

Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қараусыз қайтарылуға жатады.

Ашық конкурсқа қатысушыларға төмендегі біліктілік талаптары қойылады:

  1. телекоммуникациялық инфрақұрылымды салу және пайдалану саласында жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы. Ашық конкурсқа қатысушы соңғы бес жыл ішінде табысты іске асырылған кемінде бір жобаны ұсынуға міндетті, оның құны тиісті лоттың есептік құнына байланысты 100 мың АҚШ долларынан кем емес немесе одан төмен болуы мүмкін;
  2. білікті персоналдың, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандардың, жобалаушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензиялар мен сертификаттарға ие қызметкерлердің (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы;
  3. мамандандырылған техника, жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның (меншікті немесе қосалқы мердігерлік шеңберінде) болуы;
  4. Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттарын (ӘЭҚ) және әлеуметтік- экологиялық стандарттарын (ӘЭС) білу;
  5. ұсыныс беру күніне дейінгі күнтізбелік жылдың ішінде қызмет көрсетілген кемінде 350 меншікті абоненттің болуы;
  6. Ашық конкурсқа қатысушы қарастырылып отырған шарт (шарттар) бойынша құрылысқа қажетті, басқа да қаржылық міндеттемелерді есепке алмағанда, ақшалай қаражаттың қозғалысы талаптарын қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде (500 мың АҚШ доллары мөлшерінде) өтімді активтердің, ауыртпалық салынбаған жылжымайтын мүліктің, кредиттік желілердің немесе кез келген аванстық төлемдерге тәуелсіз өзге де қаржылық ресурстардың бар екенін не оларға қолжетімділігін растайды.

Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсынысты дайындау үшін конкурстық құжаттама пакеті жіберілетін болады.

2-кезеңдегі конкурстық ұсыныстарды бағалау техникалық балл мен қаржылық балл үшін біріктірілген бағалау жолымен балдық жүйе негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте техникалық балдың салмағы – 45%, қаржылық балл 55% болады.

Ашық конкурстың жеңімпаздары болып ең жоғары аралас балл жинаған қатысушылар танылады.

 

      1-кезеңге өтінімдерді қабылдау «16» ақпан 2026 жылы сағат 08:00-де басталып, «2» наурыз 2026 жылы сағат 17:30-да аяқталады Астана қаласының уақыты бойынша. Өтінімдер оларды қабылдау аяқталған күннен бастап 45 күнтізбелік күн бойы жарамды болуы тиіс. Түскен өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі, 1-кезеңде өтінімдерді жария түрде ашу көзделмеген. Өтінім тапсырған компаниялардың тізбесі көрсетілген хаттаманың көшірмесі өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер қолма-қол түрде үш данада (түпнұсқа және 2 көшірме), сондай-ақ электрондық тасымалдағышта (флеш-карта, PDF форматында) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мына мекенжай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, EXPO павильоны, C 2.4, 2.12-кабинет.

                                                   Жобаға қатысушыларға келесі сілтеме бойынша үлестік гранттар жөніндегі Нұсқаулықпен міндетті                                                   түрде                                    танысу                                                   ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru аталған Нұсқаулықтың ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуға жатады, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің әлеуметтік- экологиялық қағидаттары (ӘЭҚ) мен әлеуметтік-экологиялық стандарттары (ӘЭС) жөніндегі құжаттарымен бірге қолданылады. Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары мен стандарттары жөніндегі құжаттармен келесі сілтемелер арқылы танысуға және зерделеуге болады:

https://www.vsemirnyjbank.org/ru/projects-operations/environmental-and-social-framework https://projects.vsemirnyjbank.org/ru/projects-operations/environmental-and-social- framework/brief/esf-training

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды. Анықтама үшін Байланыс ақпараты:

Жобаны басқару тобы

Электрондық почта: Darekz2026@gmail.com         

 

Дата публикации
13 февраля 2026