Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – Комитет) ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін салу кезінде байланыс операторлары шеккен күрделі шығындардың бір бөлігін өтеуге үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру және ауыл тұрғындарына кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында жасалған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған № 96490-KZ Қарыз туралы келісімді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды (соңғы миль) дамытуға бағытталған үлестік гранттар алуға Ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 1123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуға байланыс операторларының күрделі шығындарының 50%-на дейін субсидиялау (үлестік гранттар) көзделген.
Бұл № KZDARE/MG-06 (37-43 лоттар) ашық конкурсы аумақтық принцип бойынша 36 лотқа біріктірілген 38 АЕМ-ді қамтиды (қоса берілген).
Лоттар:
Ашық конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
Ашық конкурсқа халыққа Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету тәжірибесі расталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген телекоммуникация желілерін жобалау мен салуға қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шағын және орта байланыс операторлары (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар) қатыса алады. Консорциумдар құрамында қатысуға болады.
Консорциум қатысушылары «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» Жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын шартты берген жағдайда Тапсырыс берушінің алдында міндеттемелерді толық және тиісті түрде орындау үшін шарттың қолданылу кезеңі бойы ортақ жауапкершілік көтереді. Консорциум қатысушылары арасында функцияларды, міндеттемелерді және жұмыс көлемін бөлу консорциумның кез келген қатысушысын Тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершіліктен шектемейді және босатпайды. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды консорциумның барлық қатысушыларына бірлесіп те, олардың кез келгеніне жеке қоюға құқылы.
Ашық конкурс қатысушылары бірнеше лотқа өтінім бере алады.
Таратылу, банкроттық, қызметін тоқтата тұру үдерісіндегі, салық берешегі бар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы не монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы заңды күшіне енген сот актілері бар ұйымдардың қатысуына жол берілмейді.
Ашық конкурсқа 1-кезеңде қатысу үшін байланыс операторы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
соңғы екі аяқталған қаржы жылына бухгалтерлік есептілік;
меншікті қаражаттың немесе расталған кредит лимитінің бар екендігі туралы анықтама;
белгіленген нормативтерге сүйене отырып, қаржылық тұрақтылық коэффициентін есептеу.
Барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат куәландырған көшірмелерде ұсынылады. Талаптарды бұза отырып ұсынылған құжаттар қарастырусыз қайтарылады.
Ашық конкурсқа қатысушыларға 1-кезеңде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Алдын ала іріктеуден өткен компанияларға Ашық конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсынысты дайындауға арналған конкурстық құжаттама пакеті жіберіледі.
2-кезеңде конкурстық ұсыныстарды бағалау техникалық балл мен қаржылық балл үшін аралас бағалау арқылы балдық жүйе негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте техникалық балдың салмағы – 45%, қаржылық балдың салмағы – 55% құрайды.
Ең жоғары аралас балл жинаған қатысушылар Ашық конкурстың жеңімпаздары деп танылады.
1-кезеңге өтінімдер қабылдау 2026 жылғы «12» маусымда сағат 08:00-де басталады және 2026 жылғы «25» маусымда сағат 17:30-да Астана қаласы уақыты бойынша аяқталады.
Түскен өтінімдер өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі.
Бірінші кезеңде өтінімдерді жария ашу оларды қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылады. Ашу өткізілетін орын мен уақыт конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланады.
Әрбір лот бойынша өтінім берген компаниялардың тізімі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің сайтында жарияланады.
Ашық конкурсқа қатысуға өтінімдер үш данада (түпнұсқа және 2 көшірме), сондай-ақ электрондық тасымалдағышта (флеш-карта, құжаттар түпнұсқасының сканерленген нұсқасының PDF форматы) мына мекенжай бойынша: Астана қ., EXPO павильоны, С 2.1, 2.16 кабинет, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қолма-қол тапсырылады.
Жоба қатысушыларына мынадай сілтеме бойынша Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамамен танысуы ұсынылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/telecom/projects/details/3834?lang=ru, оның ережелері нормативтік базаның ажырамас бөлігі болып табылады және тиісті міндеттемелерді орындау кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттары (ӘЭҚ) мен әлеуметтік-экологиялық стандарттары (ӘЭС) жөніндегі құжаттарымен танысу ұсынылады.
Дүниежүзілік Банктің әлеуметтік-экологиялық қағидаттар мен стандарттар жөніндегі құжаттарымен мынадай сілтемелер бойынша танысуға болады:
Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Анықтама алуға арналған байланыс ақпараты*:
Жобаны басқару тобы
Электрондық пошта: Darekz2026@gmail.com
Тел. +7 747 676 6262 (құжаттарды тапсыру бойынша)
*Электрондық поштаға жіберілетін сұрақтар конкурсқа қатысушының ресми бланкісінде рәсімделуі немесе ұйымның мөрін (бар болса) қамтуы және конкурсқа қатысушының басшысы не өзге уәкілетті тұлға қол қоюы тиіс. Екі жағдайда да сұрау салу конкурсқа қатысушының іс жүргізу жүйесінде шығыс тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып міндетті түрде тіркелуі тиіс.
Консорциум/бірлескен кәсіпорын сұрау салу жіберген жағдайда мұндай сұрақтар консорциумның/бірлескен кәсіпорынның жетекші қатысушысы (көшбасшысы) атынан жіберілуі тиіс.