Жиі қойылатын сұрақтар
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000151_#z31 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.
Мысалы, Сіз банкке ипотека рәсімдеуге келдіңіз, Банк Сізбен шарт жасайды. Аталған шарт 2 тілде жасалуы керек.
Ғылыми жоба немесе өнертабыс идеясының авторына қаржылық қолдау үшін:
1. Ғылыми-практикалық маңыздылығын негіздей отырып, идеяны/өнертабысты ғылыми жоба түрінде ресімдеу. 6 (TRL 6) төмен емес технологиялық дайындық деңгейі туралы құжаттық растау қажет
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі болу;
3. Ағымдағы конкурстың конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес келу;
4. Барлық қажетті құжаттар өтінім түрінде ресімделсін және конкурстарға қатысу үшін белгіленген тәртіппен конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру конкурсына жібереді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z457
Мысалы, ғылыми жоба идеясының авторы өнертабысқа және оны өндіріске енгізуге қандай қаржылық қолдау ала алады?
Авторға гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына ғылыми жұмысты ұсынуға болады. Конкурстың шарттары мен талаптары туралы мәліметтермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (www.gov.kz) және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (www.ncste.kz) ресми ресурстарында танысуға болады.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңның 31-бабына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z430), көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері:
- Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылуы;
- үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
- республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылуы мүмкін.
Мысалы, ғылыми қызметкер, оның пікірінше, білімнің бір саласында жаңа бағыт ашқан монографиялар мен ғылыми жұмыстарға ие бола отырып, әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға құжаттар бере алатынын нақтылай алғысы келеді.
Иә, құжаттарды тапсыра алады. Толығырақ келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000993.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 794-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000022003), ғылыми ұйымның бас директор, ұйымның директорының біліктілігіне қойылатын келесі талаптар қарастырылған:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс, доктор, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі (немесе дәрежесі) болған кезде ғылыми-педагогикалық кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Мысалы,өтініш беруші зерттеу зертханасы бастығының біліктілік талаптарымен танысқысы келеді. Өтініш беруші adilet.zan.kz. сайтқа кіруі кіріп, 44-параграфты ашады, онда зерттеу зертханасы бастығының лауазымына қойылатын талаптар берілген, атап айтқанда: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымдарында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі көрсетілген.
Өтініш беруші ғылыми тағылымдамадан өткен елді өзгертуге құқылы. Бұл мәселе ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024ж. 3 сәуірдегі №142 бұйрығымен реттеледі https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35338801#activate_doc=2. Ғылыми тағылымдамадан өту елін ауыстыру үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына ұсыну қажет:
1. Халықаралық бағдарламалар орталығы Басқарма Төрағасының атына жазылған өтініш (әрі қарай – Төраға);
2. Ғылыми тағылымдама өтетін шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйым ұсынған жаңа шақыру хаты, бағдарлама және смета;
3. Жұмыс берушіден қолдау хаты (үшжақты келісімшарт болған жағдайда);
4. Қоғам Төрағасының атына жазылған түсіндірме хат.
Толық құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейін ел ауыстыру сұрағы Конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияның кезекті отырысына шығарылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды үміткер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) халықаралық бағдарламалар орталығына қағаз нысанда береді. Құжаттарды қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Бұл сұрақ «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы, үміткер Ұлыбританияның Жоғары оқу орындарының бірінде ғылыми тағылымдамадан өтуді қалайды. Үміткер құжаттарды Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайы бойынша Халықаралық бағдарламалар орталығына ұсына алады. 2 жұмыс күні ішінде үміткер жауап алады.
Оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) шекті балдары:
✔ ұлттық ЖОО-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл және «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
✔ ағымдағы күнтізбелік жылда жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖОО-да - кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
✔ басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл және «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V230003334).
Көрсетілген Қағидаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білім беру бағдарламаларының тобын және жоғары оқу орнын көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер күнтізбелік жылғы 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.
Мысалы, Алия күнтізбелік жылғы 13 – 20 шілде аралығында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш береді. ҰБТ-да нәтижесі бойынша тиісті шекті балы бар және бейіндік пәндері «Физика-Математика». Ол В010 – Физика мұғалімдерін даярлау (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), В054 – Физика (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), В071 – Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті), В126 – Көлік құрылысы (М.Тынышбаев атындағы ALT университеті) сияқты 4 білім беру бағдарламаларын және 4 жоғары оқу орындарын таңдады.
Педагогикалық қайта даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 «Педагогикалық қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020147.
Педагогикалық қайта даярлау курстары жоғары білімі бар, бірақ педагогикалық білімі жоқ, алғаш рет педагог қызметіне кірісетін мамандар үшін жоғары оқу орындарында «Педагогикалық ғылымдар» мамандығы бойынша жүзеге асырылады.
Мысалы, егер сіз «Физика» білім беру бағдарламасын (дайындалу бағыты «Жаратылыстану ғылымдары») бітірген болсаңыз, онда сіз https://epvo.kz/#/register/education_program тізіліміне сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық қайта даярлаудан өтуіңізге болады. Қайта даярлау өткеннен кейін білім беру ұйымдарында сабақ беруге құқылысыз.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173).
Халықаралық сертифкаттардың балдарын ҰБТ балына ауыстыру шкаласы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650).
Ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (TOEFL ITP, TOEFL iBT, IELTS) бар түсушілер өз қалауы бойынша ағылшын тілі бойынша бейіндік пәннен немесе «Шетел тілі (ағылшын тілі)» арнайы пәннен босатылады. Балдарды ауыстыру Типтік қағидаларда бекітілген шкалаға сәйкес жүргізіледі.
Ағылшын тілін (шетел тілін) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар (IELTS, TOEFL ITP, TOEFL iBT) түсушілер ҰБТ-ға және/немесе конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сайтта сертификат туралы мәліметтерді енгізеді.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсырған кезде немесе ақылы негізде ЖОО-ға оқуға қабылдау барысында жоғары оқу орындары тарапынан тексеріледі.
Мысалы:
Алияның ҰБТ-дағы таңдау пәндерінің комбинациясы – ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Алияда IELTS (АЙЛТС) сертификаты бар. ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген кезде Алия https://app.testcenter.kz/ сайтында IELTS (АЙЛТС) сертификаты туралы мәліметтерді енгізді. IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаты ҰБТ балдарына ауыстырылатындықтан, тестілеу кезінде Алия «Ағылшын тілі» пәнін өз қалауы бойынша тапсырған жоқ.