Жиі қойылатын сұрақтар
Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы – үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады.
Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз.
Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.
Балалар қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін «Balatili.kz» https://share.google/fMG6c4ySeHMPBGrR6 сияқты платформа жұмыс істейді.
«Balatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған.
Сайтта баланың жеке жұмысына арналған жұмыс парақтары, педагогтарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік парақтар ұсынылған. Грамматика мен орфографияны зерделеу бойынша материалдар, оның ішінде интерактивті әліппе мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамыту үшін тапсырмалар, аппликациялар көзделген.
Мысалы, балаңыз қазақ тілін тегін үйрену үшін «Balatili.kz»» сайтына кіріп, «Әріп», «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз тіркестері», «Мәтін», «Санамақ», «Шығармашылық жұмыс», «Әдістемелік бұрыш» бөлімдеріндегі тақырыптық материалдар арқылы қазақ тілін оңай үйрене алады.
Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 115 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kk
Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі тегін оқытылады.
Мысалы, Сіз Қарағанды облысында қазақ тілін үйренгіңіз келсе Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының сайтына https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu?lang=kk кіріп, сайтта берілген байланыс нөміріне хабарласып, тегін қазақ тілін оқыту курсына тіркеле аласыз. Осылайша кез келген азамат сайт арқылы мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік алады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге қосымша ақылар қарастырылған. Бұл «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 28-бабының 2-тармағында, ҚР Үкіметінің 17.07.2024 ж. № 569 қаулысында көзделген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z407
Қосымша ақы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша базалық қаржыландыру және қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде белгіленеді және білім туралы негізгі жұмыс орны.
Мысалы, өтініш беруші жоғары оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры болып табылады, оның университет кафедрасында ассоциацияланған профессор доцентінің 0,5 ставкасы бар, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бұл қызметкер ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы талап ете алмайды, өйткені ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыспайды.
Салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді алу үшін хабарламалар беру тәртібіне сәйкес субъектілер ғылым саласындағы уәкілетті органға өтінім береді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035329 Уәкілетті органнан хабарлама алу үшін ұсынылатын құжаттар автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – ААЖ) бірыңғай папкаға қалыптастырылады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (әрі қарай – ҒЗТКЖ) жүзеге асыруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш беруші ААЖ ға мынадай құжаттарды береді:
1) жобаның ақпараттық картасын;
2) ҒЗТКЖ жүргізуге арналған техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктің) көшірмесін;
3) ҒЗТКЖ жүргізуге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің көшірмесін (бар болса);
4) ҒЗТКЖ нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмесін;
5) мәлімделген ҒЗТКЖ жүргізу кезінде алынған, қолданылу мерзімі расталған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатының көшірмесін;
6) ҒЗТКЖ жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді.
Мысалы, хабарламаны алу үшін құжаттарды тапсырған кезде ҒЗТКЖ нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмелерінің болуы қажет пе?
Ия, ҒЗТКЖ шығындарын растау үшін бұл құжат міндетті болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады».
Мысалы, Сіз үйіңіздің жанында орналасқан дүкенде баға көрсеткіштері тек орыс тілінде жазылғанын көрдіңіз. Бұл жағдайда Сіз «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органға шағым жолдай аласыз.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 21-бабына сәйкес «Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс».
Мысалы, Сіз балалар киімін тігумен айналысасыз. Әрбір бұйымның тауарлық жапсырмасында белгілікті ақпарат көрсетілуі керек. Тауарлық жапсырмада мемлеккттік тілдегі ақпарат міндетті тілде болуы керек.
Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер «Termincom.kz» сайтында жарияланады. Бекітілген терминдер сайтта хронология бойынша (бекітілген жылы) және әліпби ретімен орналастырылған, терминннің бекітілген жылы көрсетілген. Бұдан басқа, сайтта 2014 жылы жарық көрген 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікке енген терминдер орналасқан https://termincom.kz/termins#approved.
Мысалы, егер 2024 жылы бекітілген терминдермен танысқыңыз келсе, сайттан «Термин» бөлімін, әрі қарай «Терминдер хронологиясын» табуыңыз керек, сонда осы жылы бекітілген терминдер барлық терминдер экранға шығарылады.
«Til-Qazyna» YouTube арнасында жыл сайын қазақ тілінде ақпараттық-танымдық және түсіндірмелі бағыттағы бейнероликтер орналастырылады және жаңартылып отырады. Бұл бейнероликтер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.
Бейнероликтердің тақырыптары қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты таңдалады. Сол тақырыптар негізінде сценарийлер әзірленіп, бейнероликтер түсіріледі.
Түсірілген бейнероликтер YouTube-тағы Til-Qazyna арнасына орналастырылған https://youtube.com/@tilqazyna?si=2PcjmEGEZvG0p4nW.
Мысалы, сіздің балаңыз қазақ тілін үйреніп жүр және оны дамытқысы келеді. Ол қазақ тілін дамытуға арналған бейнероликтерді YouTube-тағы Til-Qazyna арнасынан көре алады.
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілінде сөйлеуін дамытуға ықпал ететін «Балапан әлемі» журналы» 2009 жылдан бастап шығарылады. Журнал мазмұны жағынан 3-6 жастағы балалардың деңгейіне, ал талаптары жағынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031 сәйкес әзірленеді. Журналдың электрондық нұсқалары «tilalemi.kz» сайтына орналастырылған.
Мысалы, сіз 4 жастағы балаға арналған қазақ тіліндегі журнал іздесеңіз, https://tilalemi.kz/kz/library/list сілтемесі арқылы өтіп, «Балапан әлемі» журналының электронды нұсқасын оқи аласыз.