Жиі қойылатын сұрақтар

Кепілхатты алу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығына» АҚ өтініштің түпнұсқасын (жеке немесе сенімхат арқылы), паспорт көшірмесін және оқу орнының шақыру хатын жіберуіңіз қажет.

Стипендиаттың оқу орнына тіркелу мақсатында ұсынылған өтінішін жібергеннен кейін кепілхат 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі. Ол стипендиаттың «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері екенін растайды.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613

Мысалы:

Мен, Қайсар, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын, Бостон университетіне оқуға қабылдандым және шетелде оқу бойынша барлық шығындардың өтелетінін растайтын кепілхат алғым келеді. Ол үшін маған не істеу қажет?

Кепілхат алу үшін Сізге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтініштің түпнұсқасын (жеке өзіңіз немесе сенімхат арқылы), паспорттың көшірмесін және оқу орнынан шақыру хатты ұсыну қажет.