Жиі қойылатын сұрақтар
Егер докторантураның белгілі мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестер (бұдан әрі – дискеңес) жоқ болса, онда диссертацияны жапсарлас бағыт бойынша ашылған дискеңес қабылдай алады.
Оған Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929) 20-1-тармағымен рұқсат берілген.
Бұл тармақ бойынша егер докторанттың докторлық диссертациясын қорғау үшін оның білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес болмаса, онда жапсарлас даярлау бағыты немесе білім беру бағдарламалар тобы бойынша докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдауға жол беріледі.
Мысалы, «8D01200 Кәсіптік оқыту (сала бойынша)» даярлау бағыты бойынша дискеңес жоқ. Бірақ Кәсіптік оқыту мамандығы немесе білім беру бағдарламасын меңгерген докторанттар жапсарлас «8D014 Жалпы дамудың пәндік маманданды рылған педагогтарды даярлау» бағыты бойынша дискеңесте қорғай алады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Комитет басылымдарының тізбесі) ғылыми журналдар кіру үшін ол Қазақстанда тіркелу керек және халықаралық тіркеуі де болу қажет.
Бұл норма Комитет басылымдарының тізбесіне енгізу үшін бекітілген талаптарда көрсетілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409).
Журналды Қазақстанда тіркеу процесі «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035283) сәйкес өткізіледі. Ол қызметті Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді. Нәтижесінде журналға есепке қойылу туралы куәлік беріледі.
Сонымен қатар ғылыми журнал ISSN (International Standard Serial Number) халықаралық стандартты сериялық нөмірін алып тіркелу керек.
Резидентураның аккредитациясын өткізу үшін танылған аккредиттеу органдарын Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімінен (бұдан әрі – 1-тізілім) табуға болады.
1-тізілім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында» (бұдан әрі – ЖБББП) (https://epvo.kz/#/) қолжетімді.
1-тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары резидентура бағдарламаларының білім беру бағдарламаларының мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуін өткізуге құқылы, себебі резидентура жоғары білім деңгейіне жатады.
Аккредиттеу органы – аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға болып табылады (Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» (1-баптың 2-3)-тармақшасы)
(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319).
1-тізілім Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014438) сәйкес Министрлікпен жүргізіледі.
Мысал:
«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің еуразиялық орталығы» атты аккредиттеу органы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімінде бар ма екені туралы білу керек.
Ол үшін Сіз интернетте іздеу арқылы Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын табуыңыз керек. Порталдың бірінші бетінде Сіз «Танылған аккредиттеу органдардың тізілімі» батырмасын көресіз. Осы батырмаға басқасын Сіз 1-тізілімге кіретін барлық аккредиттеу органдарды көресіз.
Олардың ішінен «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің еуразиялық орталығы» атты аккредиттеу органын тауып аласыз. Осында бұл орган туралы нақты ақпарат болады – сайтына сілтеме, Министрліктің аккредиттеу органын тану туралы бұйрығы, тану мерзімі, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық және еуропалық желілерге толық мүшелігі.
Қазақстанда шетелде алынған білім туралы құжаттарды тану рәсімі, әдетте, талап етіледі.
Бұл Қазақстан аумағында дипломдарға заңдық күш беру үшін қажет, әсіресе егер сіз жұмыс істеуді немесе оқуды жалғастыруды жоспарласаңыз.
Барлық қажетті құжаттарды, соның ішінде диплом мен оған қосымшаларды, оқу туралы растауды және тану ережелерінде көрсетілген басқа құжаттарды жинау және дайындау қажет.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкімет» веб-порталы не ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы жүзеге асырылады
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану рәсімі Мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Ереже).
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуші Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.
Аталған мемлекеттік қызмет Білім туралы құжаттарды тану қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800).
Жоғары білім туралы құжатты тану үшін төленген соманы қайтару үшін Сізге пошталық байланыс арқылы Орталыққа:
1) Орталық директорының атына төленген соманы қайтару туралы еркін түрде жазылған өтінішті (жеке телефонды көрсете отырып);
2) жеке басты растайтын куәліктің көшірмесін;
3) ақша аудару үшін 20 сандық банктік есеп шоттың көшірмесін;
4) төлем туралы түбіртекті ұсыну қажет.
Орталықтың мекен-жайы: Астана қаласы, Сығанақ 70, байланыс телефоны: 8(7172) 57 20 83.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Білім беру қызметімен айналысу құқығы Жоғары білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметті лицензиялау кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жүргізіледі. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі – берілген күннен бастап 5 (бес) жыл.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі болып табылады, рәсім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрықпен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030832).
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштер мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892).
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялаудың негізгі шарттарының (біліктілік талаптарының 5-тармағы) бірі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтердің, ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы болып табылады.
Бұл ретте, оқу корпусының ғимараты мен үй-жайлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023890), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидалары» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200026867) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы тиіс және т.б.
Оқу аудиторияларының, кабинеттердің, зертханалардың, медициналық пункттің, тамақтану объектілерінің, білім алушылардың тұруы үшін жағдайлардың, мамандандырылған ғылыми базаның, бейнебақылау нүктелерінің, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың, кадрларды даярлау бағытының бейініне байланысты өзге де Үй-жайлар мен оқыту құралдарының болуы міндетті шарт болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 62-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен ЖЖОКБҰ үшін шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі меншікті материалдық активтермен ЖЖОКБҰ кемінде 5% қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657).
Осылайша, жоғары оқу орнын ашу және білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін меншік құқығында не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі ғимарат (оқу корпустары) болуы қажет, Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін кемінде 5 % – сенімгерлік басқару құқығында ғимаратты пайдалануға жол беріледі.
Мысалы, Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметіне лицензия алу үшін келесі ұйымның келесі біліктілік талаптарға сәйкес екеніне көз жеткізу керек: оқытушы-профессорлық құраммен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базаның жеткіліктілігі (оқу корпустары, зертханалар, оқу-техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.), ғылыми әлеуеті. Сонымен қатар әзірленген білім беру бағдарламаларын уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркеуі қамтылу керек. Операторы – «Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы».
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жөніндегі қызмет ақпараттық жүйе арқылы автоматты режимде көрсетіледі, біліктілік талаптарын растайтын өтініш пен құжаттар «Е-лицензиялау» порталында электрондық нысанда беріледі (http://e-license.kz).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» № 47 бұйрығына сәйкес білім туралы құжаттардың үлгілері бекітілген.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300031894
Аталған үлгіге сәйкес білім туралы дипломдардың қосымшасы негізгі дипломсыз жарамсыз делінген. Осы ретте, «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары – диплом және дипломға қосымшасы қоса тігіліп мөр басылады.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033771
Мысал, С. азаматшасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды апостильдеуге екі бөлек өтініш беріп, әрқайсысына мемлекеттік баж төлеген. Өтініштерінің бірінде тек дипломының қосымшасы ұсынылған. Нәтижесінде оған мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту берілді. Оның жағдайдаында диплом мен оның қосымшасын бір өтініште, бір комплект ретінде тапсыру қажет еді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291) сәйкес, квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін тиісінше білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор бағдарламалары бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Заңның 17.2-бабының тармағында көзделген жұмыспен өтеу міндетінен босату жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
Тұлғалардың жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерін орындауын немесе жұмыспен өтелмеген жағдайда бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттерін сақтауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету «Қаржы орталығы» АҚ-ға жүктеледі.
Мысалы, егер жас маман оқуын аяқтағаннан кейін бір жылдан соң магистратураға оқуға түссе, ол жұмыспен өтеу міндетінен босатылмайды. Бұйрықтың 37-тармағына сәйкес, оқуға бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстар «Қаржы орталығы» арқылы бюджетке қайтарылуға жатады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173).
Көрсетілген Қағидаға сәйкес ҰБТ ұзақтығы 240 минутты (4 сағат) құрайды.
- Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы 70 минутты құрайды.
- Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.
- Мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасының азаматы білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ тапсырады.
Тестілеудің негізгі уақыты: 240 минут (4 сағат).
Қосымша жағдайлар: жоқ (шығармашылық бағдарлама емес, оқу мерзімі қысқартылған бағдарлама емес, мүгедектігі жоқ).
Қорытынды: тестілеуді өту уақыты 4 сағат.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173).
Көрсетілген Қағидаға сәйкес ҰБТ бес пән бойынша өткізіледі: оның үш пәні барлығына міндетті, ал екі пәні таңдаған мамандығына байланысты бейіндік пәндер. Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 10, оқу сауаттылығы бойынша – 10 және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.
Бейіндік пәндер тізбесі:
- математика және физика;
- математика және география;
- дүниежүзілік тарих және география;
- биология және химия;
- биология және география;
- шет тілі және дүниежүзілік тарих;
- оқу тілі мен әдебиеті;
- география және шет тілі;
- дүниежүзілік тарих және құқық негіздері;
- математика және информатика.
Мысалы: Азамат бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысады, ол бес пәнді қамтиды. Алдымен ол үш міндетті бөлікті орындайды: Қазақстан тарихы (20 тапсырма), математикалық сауаттылық (10 тапсырма) және оқу сауаттылығы (10 тапсырма). Содан кейін ол таңдаған мамандыққа сәйкес екі профильдік пәнді таңдайды, мысалы, «биология және химия», және олар бойынша 40 тапсырманы орындайды. Нәтижесінде тест барлық қатысушылардың негізгі білімін және болашақ оқу үшін қажет мамандандырылған дағдыларды бағалауға мүмкіндік береді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібі «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173).
Көрсетілген Қағидаға сәйкес ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру
1. https://app.testcenter.kz/айтына кіріп интерфейс тілін таңдайды;
2. Өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі;
3. Түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді;
4. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп іздеу батырмасын басады (өтініш берушінің жеке деректері «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорынан ал, оқу орны Ұлттық білім беру деректер базасынан автоматты түрде алынады);
5. Өзінің және ата-анасының/заңды өкілінің байланыс телефон нөмірін енгізеді.
6. «Өтініш беру» парақшасына өтіп, Ұлттық бірыңғай тестілеуін таңдайды;
7. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру кезінде тестілеу тапсыру тілін, бейіндік пәндерді, тест тапсыру қаласын, тестілеу күнін және уақытын, тест тапсыру орнын өзі таңдай алады;
8. Қосымша деректерге халықаралық сертификаттар бойынша деректерді (бар болса), мүгедектігі туралы деректерді (бар болса) толтырады)
9. Дербес деректерді өңдеуге келісімін беріп, тестілеуді өткізу тәртібімен танысады;
10. Төлем жасау әдісін таңдап, онлайн түрде тестілеуге төлемді жасайды.
Тестілеуге қатысу құны 5640 теңгені құрайды.
11. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
- банк картасымен төлеу арқылы (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);
- Kaspi.kz-пен төлеу арқылы (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, QR-код немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу қажет). (Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат
(60 минут) ішінде жасау керек, белгіленген уақытта төлем жасамаған жағдайда, өтініш жойылады);
12. Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Өтініш қабылданды!» деген хабарлама шығады;
Берілген өтінішті «Менің іс-әрекетім» бөлімінен көруге болады. Қажет болған жағдайда, өтініш қабылдау аяқталғанға дейін берілген өтінішке өзгеріс енгізуге болады.
Мысалы:
Алия app.testcenter.kz сайтына кіріп, тіркеледі.
Тест тілін, профиль пәндерін, қаланы, орын мен күнді таңдайды.
Жеке деректерді өңдеуге келісім береді және қатысу ақысын (5640 теңге) онлайн төлейді.
«Өтініш қабылданды» деген хабарлама шыққан соң, Алия өтінішті қабылдау аяқталғанға дейін өзгерте алады.