Жиі қойылатын сұрақтар
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі деректер «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) мәліметтері негізінде көрсетіледі. ЖББП жүйесіндегі білім туралы құжаттар жөніндегі ақпаратты тікелей жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) енгізеді және енгізілген деректердің толықтығы мен сапасына жауап береді.
Егер білім туралы құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде немесе «E-gov mobile» қосымшасында көрсетілмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларға сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657), ЖЖОКБҰ-ның Студенттерге қызмет көрсету орталығына тікелей жүгіну қажет.
Мысалы, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің 1-курс студенті С.Т. «E-gov mobile» қосымшасына кіргенде студенттік билеті көрсетілмеді. С.Т. өз университетінің Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жүгінгеннен кейін деректерді жаңартты, нәтижесінде студенттік билет «E-gov mobile» қосымшасында және «Цифрлық құжаттар» сервисінде пайда болды.
Жеке компания жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдарға мемлекеттік функцияларды жетілдіру мақсатында, өз ұсыныстарын қарастыру үшін жолдай алады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Заңына (әрі қарай – Заң) және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (әрі қарай – Министрлік) коммерциялық ұсыныстарды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, артықшылық беріп, сатып алу мақсатында қарастыра алмайды. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106/z24_106.htm#z72)
Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды әділ бәсекелестік, тең қолжетімділік, ашықтық және белгіленген рәсімдерді қатаң сақтау қағидаттарына сай жүзеге асырады. Ұсынылған материалдарды қарастыру міндетті сатып алу жасайды дегенді білдірмейді және заңмен көзделген конкурс рәсімдерінің орнын толтырмайды.
Мысалы, «ААА» ЖШС-гі мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған ұсыныстарын жолдап, сонымен қатар бағдарламалық өніміментаныстыру мақсатында презентация өткізуін ұсына алады.
Министрлік «ААА» ЖШС-нің ұсыныстарын және презентациясын өнімнің нақты қажеттілігі болған жағдайда қарастыра алады. Алайда нақты қажеттілік пен қаржыландыру болмаған жағдайда, бас тартуға да құқылы.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000094#z7) сәйкес, жеке деректерге мыналар жатады:
1) жалпыға қолжетімді жеке деректер;
2) қолжетімділігі шектеулі жеке деректер.
Аталған Заңның 7 бабының 5-тармағына сәйкес, жеке деректерді субъектінің келісімінсіз өңдеу және беру мына жағдайларда рұқсат етіледі:
✔ өңдеу мемлекеттік органның өз өкілеттіктерін орындау шеңберінде жүзеге асырылатын болса;
✔ деректерді өңдеу жүктелген функцияларды орындау үшін қажет болса;
✔ бұл өңдеу нормативтік құқықтық актілермен көзделген болса.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) кейбір деректер санаттарын түлектердің еңбекке орналасуын бақылау мақсатында сұрайды, бұл Министрліктің нормативтік құқықтық актілермен белгіленген функцияларының бірі болып табылады.
Осылайша, сіздің деректеріңізге қол жеткізу заңды түрде, жеке келісім алуды қажет етпей жүзеге асырылған және тек мемлекеттік функцияларды – түлектердің мансаптық траекторияларын талдау және мониторинг жүргізу шеңберінде орындалған.
eGov.kz жеке кабинетінде пайдаланушыға келген хабарлама автоматты түрде қалыптасады және ақпараттық сипатқа ие, деректерге техникалық қол жеткізілгенін растайды, бірақ бұл құқық бұзушылық немесе заңсыз әрекет дегенді білдірмейді.
Мысалы, Сәуле И. өзінің жеке деректеріне Министрліктің қол жеткізгені туралы хабарлама алған. Ол бұл әрекетті заңсыз деп ойлап, Е-otinish жүйесіне шағым жазды. Оған аталған әрекеттердің заңды екендігі туралы жауап берілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 474 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035208, зерттеу университеті мәртебесін алу үшін жоғары оқу орны елдің ғылымы мен экономикасына қосқан үлесін растайтын бірқатар өлшемшарттарға сай болуы керек. Негізгі талаптарға мыналар кіреді:
- Даму бағдарламасы: ЖОО-ның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 5 жылға арналған егжей-тегжейлі даму бағдарламасы болуы тиіс.
- Заманауи ғылыми инфрақұрылым.
- Халықаралық танылу: Университет танылған шетелдік агенттіктердің аккредиттеуінен өтуі керек. Аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі. Аккредиттеу білім беру сапасының әлемдік стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді.
- Ғылымнан түсетін кірістер: ЖОО зерттеулерден табыс табуы керек. Бұл гранттардың, кәсіпорындардан түскен тапсырыстардың және технологияларды коммерцияландырудың болуын білдіреді.
- Жарияланымдар мен дәйексөздер: ЖОО ғалымдары беделді халықаралық журналдарда (мысалы, Web of Science немесе Scopus базаларына кіретін) белсенді түрде жариялануы керек, және олардың жұмыстарына басқа ғалымдар жиі сілтеме жасауы тиіс.
- Әлемдік қоғамдастықпен интеграция: Жетекші шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларының (қос дипломды білім беру) болуы.
- Мемлекеттік инвестициялық жоба және қаржы-экономикалық негіздеме (қажет болған жағдайда). Мемлекеттік инвестициялық жоба – Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген, жаңа өндірістерді құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, активтерді құруға және (немесе) дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені
Университет ұсынған барлық көрсеткіштерді арнайы Комиссия мұқият зерделейді, қарайды және бағалайды. Мемлекеттік орган құрған Комиссия ЖОО-ның мәртебе алу талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Мысалы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) зерттеу мәртебесін алды, себебі ол тау-кен металлургия және мұнай-газ салалары үшін ірі әзірлемелер жүргізеді. Университет ғалымдары кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар сатып алып, пайдаланатын технологиялар жасайды, ал студенттер нақты ғылыми жобаларға қатысады.
Электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат.
ҰБТ сертификатын электронды нұсқада тестілеу тапсырғаннан кейін сол күні және апелляцияға жазған өтінішті қарағаннан кейін (апелляцияға өтініш берген жағдайда) тестіленушінің жеке кабинетінде немесе Ұлттық тестілеу орталығының https://certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) мен ЖСН-ды енгізуі арқылы жүктеуге болады.
Мысалы:
1. Әлия ҰБТ-ны 5 шілдеде тапсырды, бірақ апелляцияға өтініш берген жоқ. ҰБТ сертификатын ол тестілеуді тапсырғаннан кейін сол күні жеке кабинеті арқылы жүктеп алды.
2. Ал Марат тестілеу аяқталған соң апелляцияға өтініш берді. Ол сертификатын апелляция өтініші қарастырылғаннан кейін жеке кабинеті арқылы жүктеді.
Қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртіпте, қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарының талаптарына және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768).
ҚО білім беру процесіне қатысушылардың олардың орналасқан жеріне қарамастан, қашықтықтан өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы.
ҚО келесілерге ұсынылады:
1) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық-консультациялық комиссияның қорытындысы бар оқушыларға;
2) халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорт жарыстарына, интеллектуалдық және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысу кезеңінде қатысушыларға.
ЖЖОКБҰ білім алушыларға консультациялық қолдау көрсетеді және оқу бағдарламасын меңгерген кезде, қатысуын, тіркеуді, материалдарды оқу барысын және тапсырмаларды уақтылы орындауын, оның цифрлық іздері арқылы бағалауды қадағалау арқылы оқушылардың тәртібін қатаң бақылайды.
Құқық, хореография, музыка өнері, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы және технологиялары, әскери іс, ветеринария салаларында кадрларды дайындау үшін жоғары білім беру ұйымдарында оқудың барлық кезеңі бойынша пәндердің жалпы санынан екі жүзден аспайтын проценті қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
ЖЖОКБҰ кадрларды дайындаудың қалған бағыттары бойынша оқудың барлық кезеңі бойынша пәндердің жалпы санынан елу проценттен аспайтын бөлігі қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
Медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға жол берілмейді.
Мысалы, Марат К. жұмыс істейді және университетке түсуді жоспарлап отыр. Оның сұрағы: ол жұмыс істеп, қашықтан оқи ала ма?
Жоқ. Ол қашықтан оқи алмайды. Себебі ЖЖОКБҰ-да оқу нысаны – күндізгі. Қашықтан оқу белгілі бір санаттағы адамдар үшін және белгілі бір көлемде қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабы 1-тармағына сәйкес, нысаналы капитал қоры құрылтайшылардың шешімімен құрылады, онда:
1) құрылтайшылардың атауы және тұрған жері;
2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) мөлшері, оны қалыптастыру және (немесе) толықтыру тәртібі мен мерзімдері;
3) нысаналы капитал қорын және оның активтерін басқару тәртібі;
4) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қолданылу мерзімі;
5) пайда алушының эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыруға жазбаша келісімі;
6) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) нысаналы мақсатын айқындау кезінде пайда алушының өз атын немесе атауын пайдалануға жазбаша келісімі.
Мысалы, құрылтайшылар – университет мен меценаттар тобы нысаналы капитал қорын құру туралы шешім қабылдайды. Құрылтайшылардың шешімінде олар атауы мен орналасқан жерін, берілетін активтердің мөлшерін, нысаналы капиталды қалыптастыру тәртібін, активтерді басқару ережелерін, қордың қолданылу мерзімін және университеттің пайда алушы ретіндегі келісімін көрсетеді. Шешім қабылданғаннан кейін құрылтайшылар жеке коммерциялық емес ұйымды қор түрінде тіркейді.
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру конкурсы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035570). Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтінім;
2) сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес мәліметтер;
3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынысы);
4) жеке басын куәландыратын құжаты.
Конкурсқа құжаттар уәкілетті орган конкурс туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде АЖ арқылы қабылданады.
Мысалы, университет қызметкері халықаралық рецензияланатын журналдарда мақаласы жоқ. «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ол талап ете ала ма? Жоқ, мүмкін емес, өйткені халықаралық рецензияланған журналдарда мақалалардың болуы ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z477 ғылыми жобаны конкурсқа қатысуға өтінім түрінде беру қажет. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу тәртібі, мерзімдері мен рәсімдеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда айқындалған. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарды жариялау жөніндегі ақпараттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ресми сайтында орналастырылады: www.gov.kz/memleket/entities/science.
Мысалы, ғылыми қызмет субъектісін аккредиттемей, ғылыми ұйым ғылыми жобаны қолдауға ие бола ала ма?
Қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатысуға құқылы.
Ғылыми жобаның мақсаттарын өзгерту құқығынсыз оның тиімді орындалуын және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жобаның ғылыми жетекшісінің қаражатты ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберіндегі шығын баптары арасында қайта бөлуге құқығы бар. Осы ақпарат «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 36-бабы 11-тармағында көрсетілген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z477
Мысалы, бастапқыда қаражат шығындарды үш бабына бөлінді. Жоба бойынша жұмыс кезінде басқа мақалаға қаражат бөлу қажеттілігі туындады. Ұйым басқа мақалаға қаражат бөле ала ма, атап айтқанда үнемделген ақшаны қайта бөле ала ма?
Ия, ғылыми жетекшісінің қаражатты ғылымды қаржыландыру қағидаларына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберіндегі шығын баптары арасында қайта бөлуге құқығы бар.