Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035193 бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғағаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді.
ҰМҒТСО жоғарыда аталған құжаттарды алып, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді.
Дәлелді себептермен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қорғаушының өтінішхаты бойынша бұл мерзімді философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға қорғалған диссертацияларды тіркеуді жүзеге асыратын ұйым ұзартуы мүмкін.
Ауру, еңсерілмейтін күш мән-жайлары және адамды қызмет алуға өтініш беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер дәлелді себептер ретінде танылады.
Мысал: Біздің ғылыми-зерттеу институтында жаңа консультативтік-кеңесші орган бекітілді. Құрамды басшы мен оның орынбасары таңдады.
Бұл консультативтік-кеңесші орган өкілетті ме?
Жоқ, ол өкілетті емес, өйткені құрамды ұжым таңдауы керек.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім және әскери және арнайы органдар журналдарының тізімі.
Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409) 6-тармағына сәйкес журналды Комитеттің басылымдар тізбесінің 3-Тізіміне қосу үшін шетелдік авторлар мақалаларының, сондай-ақ ағылшын тіліндегі мақалалардың болуы керек. Бұл ретте олардың әр нөмерде болуы міндеттелмеген.
Мысалы, шетелдік авторлардың мақалалары журналдың бір жылда шыққан тек бір номерінде бар, ал шет тіліндегі мақалалар екі номерде жарияланған. Осы екі жағдайда да бұл талап орындалды деп есептеледі.
Қазіргі кезде Комитет тізімі немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім және әскери және арнайы органдар журналдар тізімі.
Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013409) бойынша докторлық диссертацияларды (PhD) қорғау үшін Комитеттің басылымдар тізбесінен жарияланым ретінде 2-тізімге енгізілген журналдағы 2 мақала ескеріледі.
Егер Сіздің 2 мақалаңыз Комитеттің басылымдар тізбесінің 2-тізімінде жарияланса және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы жарияланымға қойылатын талап орындалған болса, Сізге қорғауға рұқсат беріледі.
Мысалы, Сіздің 2 мақалаңыз «ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы» журналында 2024 жылы және «Құқық және мемлекет» журналында 2025 жылы жарияланды. Бұл журналдар заң ғылымдары бойынша Комитеттің басылымдар тізбесінің 2-тізіміне тиісінше 2021 жылы және 2024 жылдан бері кіреді. Сондықтан осы журналдардағы жарияланымдар қорғауға шығу үшін ескеріледі.
ВАК тізбесі казіргі кезде дұрыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесі (бұдан әрі – Комитеттің басылымдар тізбесі) деп аталады.
Казіргі кезде Комитеттің басылымдар тізбесі бірнеше тізімдерден тұрады – 1-тізім, 2-тізім, 3-тізім, әскери және арнайы органдар журналдарының тізімі.
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелеріне (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939) сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарға ізденушілер үшін тек қана 1-тізім және 2-тізімдерге кіретін журналдарда жарияланған мақалалар есептеледі. 3-тізімдегі журналда шыққан мақалалар бұл ретте ескерілмейді.
Мысалы, Сіздің мақалаңыз «Қазақстан шығыстануы» журналында 2025 жылы шықты. Бұл журнал Комитеттің басылымдар тізбесінде 3-тізімге шығыстану бойынша 2024 жылғы №3 нөмірден бастап енгізілген, ғылыми атаққа ұсынатын ізденушіге осы мақала ескерілмейді.
Егер Сіз оқыған жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) диссертациялық кеңес жоқ болса, онда Сіздің даярдау бағытыңыз бойынша басқа ЖОО-дағы диссертациялық кеңесте (бұдан әрі – дискеңес) қорғауға шығуға болады. Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929 20-тармағына сәйкес бұған рұқсат беріледі.
Керек даярлау бағыты бойынша дискеңесті ЖОО-ның немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтында табуға болады.
Бұл ретте, ЖОО-ректорының атына жазатын арызда Сіз таңдаған ЖОО-ның дискеңесін көрсету керек.
10 (он) жұмыс күні ішінде Сіз оқыған ЖОО таңдаған ЖОО-ның дискеңесіне құжаттарыңызды жолдайды.
Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш ай мерзімде ұсынылады. Егер докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен келіспейтін болса, онда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.
Диссертациялық кеңестің отырысына дейін пысықталған диссертация Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) немесе Плагиатқа тексеру комиссияға (әскери жоғары оқу орындары үшін) плагиатқа және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып оларға сілтеме бермегенін тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды талқылау жөнінде отырыс өткізеді.
Отырыста диссертациялық кеңестің кем дегенде 2/3 мүшесі қатысу керек, оның ішінде уақытша мүшелермен ресми рецензенттердің қатысуы міндетті.
Отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі, бірақ интернетте онлайн трансляция керек емес.
Шешім жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Нормативті түрде бұл Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929) көрсетілген.
Егер диссертациялық жұмыс қайта қорғауға жіберілген болса, онда кафедраның кеңейтілген отырысынан қайтадан өту қажет емес. Бұл Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006929) 35-тармағында нақты көрсетілген.
Осы тармаққа сәйкес қайта қорғауда алдыңғы қорғауға қатысқан уақытша мүшелер және ресми рецензенттер тағайындалады. Олар қорғаудан бас тартқан жағдайда ғана оларды ауыстыру мүмкіндігі пайда болады.
Мысалы, уақытша мүшелердің біреуі қайта қорғауға қатысудан жазбаша түрде бас тартты. Онда диссертациялық кеңес оның орнына басқа уақытша мүшені тағайындайды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады.
Тану рәсімінен өту біздің елдің азаматтарының да, шетел азаматтарының да одан әрі жұмысқа орналасуы немесе білімін жалғастыруы үшін Қазақстан Республикасының аумағында білімі туралы шетелдік құжаттың күшіне енуі үшін қажет.
Білім туралы құжаттарды тану рәсімі мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800).
Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
«Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 28-75-21, 28-75-27 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.
Мысалы, егер Сізде шетелдік жоғары немесе жоғары оқу орнының дипломы болса, Қазақстанда біліміңізді растау үшін оны тану процедурасынан өткізу қажет. Бұл процедура құжаттың түпнұсқалығын тексеруді және сіздің біліміңіздің талаптарға сәйкес екенін растауды қамтиды, бұл Сізге мамандық бойынша жұмыс істеуге немесе қазақстандық білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қосымша білім беру саласындағы қызмет лицензиялауға жатпайды. Қосымша білім беру – оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z19 және 23-бабының 2-тармағына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z28 сәйкес білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
1) жалпы білім беру (типовой, жұмыс);
2) кәсіби (типовой, жұмыс);
3) қосымша.
Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына қарай келесі бағдарламаларға бөлінеді:
3) оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
4) мамандардың біліктілігін арттыру, қазіргі талаптарға сай кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған; 2-1) мамандарды қайта даярлау, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік алуға бағытталған;
5) постдокторантура, жетекші ғалымның басшылығымен мамандық бойынша ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған. Заңның 5-3-бабының 6-тармақшасына, сондай-ақ «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-қосымшасына сәйкес білім беру саласында лицензиялауға жататын бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі анықталған https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналасуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді:
- жоғары білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- жоғары білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- рухани білім беру.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ұйымдарының қысқа мерзімді курстар, қайта даярлау, репетиторлық жүргізу қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жататын білім беру қызметінің түрлеріне жатпайды.
Осылайша, қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласындағы қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жатпайды.
Қосымша білім берудің мысалы ретінде мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың берілуі сүйемелденбейтін бір реттік дәрістер, консультациялар, шеберлік сыныптар, семинарлар, тренингтер және т.б. өткізілуі болуы мүмкін.
Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты – Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу үшін қолданыстағы заңнамамен бекітілген талаптар сақталуы қажет және бірқатар рәсімдер атқарылуы тиіс.
Бұл үдерісті реттеуйтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге және жүзеге асырылатын негізгі әрекеттерге мыналар жатады:
«Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000011, Қазақстан Республикасы Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
Коненцияның шарттарына сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады және құжаттарды дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғылады.
Конвенция тұрғысында ресми құжаттар ретiнде прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар; әкiмшiлiк құжаттар; нотариалдық актiлер; тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады.
«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуір №545 қаулысына сай https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P010000545, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйым ретінде айқындалған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, апостилдеу рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен» регламенттелген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033771).
Мысалы, бақа елге жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру мақсатында шыққан жағдайда, Сізге білім туралы құжатыңызды апостильдеу рәсімінен өту қажет болады. Бұл құжаттың барған елде танылуы үшін қажет. Апостиль мөрі білім беру ұйымдарына, жұмыс берушілерге немесе басқа елдің мемлекеттік органдарына Сіздің білім туралы құжатыңызды қосымша тексерусіз қабылдауға мүмкіндік береді.
Білім туралы құжаттарды апостилдеу рәсімі:
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті көрсетеді.
Апостилдеу үшін құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы ұсынылады.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) бекітілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың түпнұсқасы;
4) төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы.
Портал арқылы ұсынған кезде:
1) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды нысанындағы сұрау салу;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен немесе «е-гов» порталы арқылы ұсынған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Білім туралы құжатты апостилдеуден бас тарту негіздері:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.