Жиі қойылатын сұрақтар
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығында көрсетілген.
Басылымдардың тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі:
1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-І Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде есепке қою туралы куәліктің болуы, ISSN (АЙСИСИЭН) (International Standard Serial Number (Интернйэшнл Стандард Сериал Намбер)) халықаралық стандартты сериялық нөмірі және жазылу индексі;
2) редакцияның мәлімдеген мақсаттары мен тақырыптық бағыты, оның кезеңділігі, жариялау шарттары, рецензиялау түрі, мұрағаттау және қолжетімділік, сондай-ақ жариялау этикасын көрсететін баспа бекіткен журналдың редакциялық саясатының болуы;
3) жарияланатын ғылыми мақалалардың (оның ішінде шолулардың) журналдың мәлімделген мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкестігі. Ғылыми мақала – бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсынымдарды қамтитын; немесе ортақ тақырыпқа байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарауға арналған (жүйелі шолу) ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе талдамалық қызметтің өзіндік тұжырымдары мен аралық немесе түпкілікті нәтижелерін баяндау. Ғылыми мақаланың құрылымы атауынан, аннотациядан, түйін сөздерден, негізгі ережелерден, кіріспеден, материалдар мен әдістерден, нәтижелерден, талқылаудан, қорытындыдан, қаржыландыру туралы ақпараттан (бар болған жағдайда), әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір түпнұсқа мақалада (әлеуметтік-гуманитарлық бағытты қоспағанда) зерттеу нәтижелері жаңғыртылатын болуы тиіс, жабдықтар мен материалдардың шығу тегі, деректерді статистикалық өңдеу әдістері және жаңғыртуды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері көрсетіле отырып, зерттеу әдіснамасы сипатталуы тиіс. Жарияланымдардың басқа түрлерінің мазмұны нөмірдегі мақалалардың жалпы санының 10%-ынан аспайды. Бұл ретте автор немесе авторлар ұжымы тұжырымдамаға, ғылыми дизайнға, мәлімделген ғылыми зерттеуді орындауға немесе түсіндіруге және ғылыми мақала жазуға елеулі үлес қосады;
4) журналды кемінде 2 (екі) толық жыл басып шығару, ғылыми басылымның мерзімділігі жылына кемінде 4 (төрт) рет, ғылыми басылымның уақытында шығуының мәлімделген мерзімділігін сақтау;
5) журналдың әрбір нөмірінде шетелдік авторлардың мақалаларының, сондай-ақ шет тілдерінде (оның ішінде ағылшын тілінде) мақалаларының болуы;
6) баспамен аффилирленбеген авторлардың ғылыми мақалалары журналдың әрбір нөміріндегі жарияланымдар санының кемінде 50%-ын (елу) құрайды;
7) шетелдік дәйексөз жүйелерінде немесе электрондық кітапханаларда ғылыми басылымның таралуы немесе Қазақстандық дәйексөз базасында журналдың импакт-факторының болуы;
8) редакциялық алқада немесе редакциялық кеңесте Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында кемінде 2 (екі) Хирш индексі (журналдың тақырыптық бағыты бойынша) бар ғалымдардың болуы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы журналдар үшін Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында жарияланымдары бар ғалымдардың болуы;
9) жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелерді баяндаудың дұрыстығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында жасырын пікір беруді қолдана отырып, тиісті тақырып бойынша ғалымдардың немесе мамандардың ғылыми еңбектерді рецензиялауы. Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық деректер базасында жарияланымдары бар шетелдік рецензенттердің (әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы журналдарды қоспағанда) болуы;
10) аннотациялардың, кілт сөздер мен автор туралы ақпараттың болуы – аттары, аффилиациясы (ұйымның атауы), елдің атауы және барлық жарияланым авторларының мекенжайлары (оның ішінде негізгі авторын көрсете отырып). Аннотацияда зерттеудің мәні мен қолданылған әдістері баяндалады, аса маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығы жинақталады. Аннотацияның көлемі 300 сөзден аспайды. Түйін сөздер мақала мәтінін іздеу және оның пәндік саласын анықтау үшін пайдаланады;
11) ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпараттың болуы – мақаланың тақырыбы, аннотация, түйін сөздер, авторлар туралы ақпарат;
12) әрбір мақалаға әдебиеттің (пайдаланылатын көздердің) транслитерацияланған тізімдерінің болуы;
13) әрбір мақалаға журналдың мазмұнын және Интернеттегі сілтемелерді бірегей және тұрақты онлайн сәйкестендіру үшін объектінің сандық сәйкестендіргіші болып табылатын және International DOI Foundation (Интернэйшенел ДОИ Фаундэйшен) тіркеу агенттігі беретін DOI (бұдан әрі – DOI (ДОИ)) болуы;
14) мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерін пайдалану, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша;
15) ғылыми басылымның ақпараттық ашықтығы – ғылыми басылымның:
– ғылыми басылымның қағаз және/немесе электрондық нұсқасы туралы ақпарат, оның ішінде басылымның құрылтайшысы және (немесе) меншік иесі туралы мәліметтер;
– ғылыми басылымның мақсаты мен тақырыптық бағыты;
– ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы (болған жағдайда), жұмыс орны көрсетілген редакциялық алқаның (редакциялық кеңестің) құрамы;
– мақалаларды рецензиялау түрі мен тәртібі;
– әрбір мақалаға DOI (ДОИ);
– жариялау этикасы, онда редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың міндеттері мен құқықтары, сондай-ақ мүдделер қақтығысын, әдепсіз іс-әрекетті анықтау шаралары, мақалаларды қайтарып алу немесе түзету, түзетулер, кешірім жасау, теріске шығару бойынша нұсқаулық көрсетіледі. Авторлардың, редакторлардың немесе баспагерлердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия беруімен, жасанды және жалған рецензиялаумен, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтеріне жүгінумен, авторлар құрамын бұрмалаумен, жалған ғылыми мәтіндерді жариялаумен, авторлардың келісімінсіз мақалалардың мәтіндерін басқа журналдарға берумен, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға берумен, авторлық құқықтардың және редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттарының бұзылуымен, дәйексөзді манипуляциялаумен, плагиатпен, бұрмалаумен және ойдан шығарумен байланысты іс-әрекеттері этикаға жатпайтын әрекеттер болып табылады. Егер журнал басқа ұйым немесе ұйымдар (WAME (УЭЙМ), COPE (КОП), Хельсинки декларациясы) тұжырымдаған қағидаттарды қолдаса және пайдаланса, дереккөзге дәйексөз салынған қағидаттардың толық мәтіні келтіріледі не толық мәтінге белсенді сілтеме беріледі;– авторларға мақаланы ресімдеу, оның ішінде әдебиеттер тізімін ресімдеу үшін транслитерация әдістерін қолдану бойынша нұсқау;
– іздеу жүйесі;
– соңғы он екі айдағы нөмірдің мазмұны және мазмұнына қол жеткізе отырып, өткен жылдардағы нөмірлердің мұрағаты;
– байланыс ақпараты;
– мақалаларды берудің және рецензиялаудың онлайн жүйесі көрсетілетін жеке электрондық сайтының (бетінің) болуы;
16) "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтаманың болуы, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
– қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін кемінде үш жыл бұрын ғылыми басылымның электрондық нұсқасының болуы туралы;
– Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (1998 жылғы 28 мамырдағы № 1:3-98 хаттама) ГОСТ 7.5-98 "Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу" бойынша мақалаларды, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері" бойынша мақаланың библиографиялық тізімдерін ресімдеу бойынша базалық баспа стандарттарына сәйкестігі туралы.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:
1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес Білім беру бағдарламаларының тізбесінде докторантураның білім беру бағдарламалары;
3) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары;
4) Заңның 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бөлінетін оқытудың 1, 2 және 3 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда жұмыс істейді.
Ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген және осы Ереженің 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен (бұдан әрі – әріптес ЖОО) консорциумдық келісімі бар ғылыми ұйымдарда диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:
1) әріптес ЖОО докторанттары қатысатын мемлекеттік бюджеттен бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру шеңберінде соңғы 3 жылдағы ғылыми жобалар;
2) осы Ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар даярлау бағыты бойынша кемінде 3 ғалым болған жағдайда жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығымен Білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – 2-Қағидалар) және Қазақстан Республикасында құжаттары танылатын шетелдік жоғары және (немесе) шетелдік жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі бекітілгенін (2021 жылдың 3-тамызынан қолданысқа енгізілді) ескертеді.
Осы 2-Қағидаларға сәйкес, ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), профиль бойынша докторлық дәрежедегі дипломдарды тану Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығында жүзеге асырылады (бұдан әрі – Орталық) білім туралы құжаттарды тану жөніндегі мемлекеттік қызмет аясында.
Білім туралы құжаттарды тану туралы куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Орталыққа қағазды немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды өтінімді жіберу қажет. 2-Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет стандарты 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Толық мәлімет алу үшін Орталыққа осы нөмірлерге: 8 7172 287535, 8 7172 287527 хабарласуға болады.
2-Қағидаларды көру сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023626
Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін және ғылыми атақтарды алу үшін үміткерлер жариялаған мақалаларда жалғыз автор болған емес. Ғылыми еңбектер авторлық бірлестікте жариялануы мүмкін.
Егер мақала авторлары докторанттар болса, онда жарияланымның мазмұны белгілі бір диссертацияның мазмұнын қаншалықты көрсететініне сараптама жүргізіледі.
Қазіргі уақытта университеттер мен ғылыми ұйымдардың көпшілігі Thomson Reuters ақпараттық компанияларының деректер базасына және Scopus деректер базасына еркін қол жеткізе алады. Тегін қолжетімділікке қосылуды Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ұйымдастырады, Алматы қаласы бойынша байланыс телефондары 8-727-3780509, 3780547.
Ұйымдастырылған қол жеткізу арқылы сіз Thomson Reuters (Web of Science) дерекқорынан да, Scopus дерекқорынан да өз салаңызға қызығушылық тудыратын кез келген журналдарды тегін таба аласыз.
Басқа елде кандидаттық немесе докторлық диссертацияны қорғау талапкердің жеке құқығы болып табылады. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің рұқсаты қажет емес.
Докторлық диссертация тақырыбын және ғылыми кеңесшілерді бекіту Докторантураның Мемлекеттік білім беру стандартымен реттеледі.
Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес диссертациялық жұмыстың тақырыбы мен ғылыми кеңесшілер Ғылыми кеңестің шешімі негізінде тағайындалады және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Диссертациялық зерттеудің бағыты, әдетте, ұлттық басымдықтармен, не мемлекеттік бағдарламалармен, не іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламаларымен байланысты болуы керек.
Диссертация тақырыбы да университет ректорының бұйрығымен ғылыми кеңестің шешімі негізінде өзгертілуі мүмкін.
Ғылыми консультанттар ғылымның осы саласында (мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде айналысатын және ғылыми жұмыс тәжірибесі бар ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD) арасынан кемінде 2 адам көлемінде тағайындалады. Ғылыми кеңесшілердің бірі – шетел университетінің ғалымы болуы керек («Әскери істер және қауіпсіздік» мамандықтар тобын қоспағанда).
Жаңа реттеушілік саясатты енгізу аясында мемлекеттік бақылауды автоматтандыру, оның ішінде бақылауға жататын ЖООлардың тізімін жасақтау процесін автоматтандыру күшіне енді.
Яғни, енді бақылауға жататын ЖООлар тізімі адами фактордың қатысуынсыз, автоматты түрде анықталатын болады.
Бұл өз кезегінде бақылау органдарына тексеру мен жаза қолданудың орнына енді құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігін береді.
Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген жаңа нормаға сәйкес, егер тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылауға жататын бақылау субьектілерінің саны олардың жалпы санының 5%-нан аспауға тиіс.
Ол үшін «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде (ТСОБТ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілердің) тізімі қалыптастырылды.
Сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігің Smart Data Ukimet (СДУ) платформасында тәуекелдерді бағалау дәрежесінің өлшемшарттарын автоматтандыру, мемлекеттік бақылауды жүргізудің бизнес-процесіне толық реинжиниринг жүргізілді, тексерулер кестесін/тізімін қалыптастырудан бастап бақылау іс-шаралары аяқталғанға дейін автоматтандыру алгоритмі жасалды.
Тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау критерийлері көрсеткіштерінің тізбесі, есептер мен нысандарды қалыптастыруға арналған ақпараттық құралдар жасалды.
Енді, өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау процесі бақылау есепті деректер мен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізілетін болады.
Ал, ЖОО-лар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ресми сайтының, ақпараттық-білім беру порталының және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қоса, ЖОО-ң өздерінің ақпараттық жүйелерін Министрліктің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын және ондағы толтырылатын деректердің толық, нақты және уақтылы болуына баса назар аударатын болды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі енгізілді, тізілім реттеушілік актілерге олардың жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу мерзімдерін айқындауды көздейді.
Талаптар тізілімін қалыптастыру және жұмыс жасау алгоритмі келесідей:
Біріншіден, реттеуші МО тізілімге енгізу үшін кәсіпкерлік қызметті реттеуге негіз болатын реттеуші актілердің тізбесін қалыптастырады
Осыдан кейін реттеушілік актілер келесі талдау (қайта қарау) жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, Талаптар тізіліміне енгізіледі.
Егер реттеуші орган бұл талдауды белгіленген мерзімде жүргізбесе, онда мұндай актілердің күші жойылады немесе оларға өзгерістер енгізіледі (6 ай ішінде – заңдар бойынша; 3 ай ішінде – өзге актілер бойынша).
Міндетті талаптар тізіліміне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы 20 НҚА енгізілді.
2023 жылдан бастап егер талап Тізілімге енгізілмесе, онда ол бойынша мемлекеттік орган бақылау субъектісін тексеріп, жазалай алмайды. Тиісінше, егер тізілімде талап болмаса, онда жаза да жоқ. Бұл Тізілімнің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болмақ.
Онымен қоса, Тізілім – кәсіпкерлік қызметін реттеу салаларының НҚА-ң жалпыға бірдей қолжетімді базасы болғандықтан, бұдан былай бақылау субъектілері, яғни біздің жағдайда ЖОО-лар кез-келген уақытта бұл Тізілімге кіріп, ондағы орындауға міндетті талаптардың тізімімен және НҚА-мен танысу қол жеткізе алады.