Қазақстанда коронавирус COVID-19 пандемиясы садарынан төтенше жағдай енгізу туралы Президент Жарлығын орындау мақсатында және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында сауда және интеграция министрлігі: 1. Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне 10 сағаттан 18 сағатқа дейін шектеу белгілеу; сауда объектілерінің аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, басқа да ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс.; азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі тиіс; нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сату тек оралған күйінде жүзеге асырылады. 2. Санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысына сағат 11-ден 17-ге дейін шектеу белгіленсін. Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы қосымша хабарлаймыз. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі