Бизнес және ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын талқылады

Бизнес және ҚР Сауда және интеграция министрлігі  Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын талқылады

НҰР-СҰЛТАН қ. ҚР СИМ, 11 маусым күні Сауда және интеграция          вице-министрі Азамат Асқарұлы бизнес қоғамдастыққа ҚР сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Online-конференцияға қатысушылар Мемлекеттік бағдарламаның жобасын ұсыныстар мен ескертулерді пысықтау үшін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және бизнеспен егжей-тегжейлі талқылады.

Бұдан бұрын 4 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының сауданы дамыту 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданғанын естеріңізге саламыз. Тұжырымдаманың жобасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және бизнес-қауымдастықтармен келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізілді, 30-ға жуық ұсыныстар мен ескертулер ескерілді.

Қазіргі уақытта министрлік алдағы бес жылға арналған сауданы дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі, ол сараптамалық қорытынды алуға бағытталған және жария талқылау үшін сайтта жарияланған.

Жалпы алғанда, Бағдарлама жобасы 5 бағытты көздейді: техникалық реттеуді жақсарту, ішкі сауданы дамыту, экономикалық интеграция шеңберіндегі сыртқы сауда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізаттық емес экспортын дамыту және ілгерілету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру.

Сонымен қатар, ҚР СИМ вице-министрі Азамат Асқарұлы бағдарламаның мақсаты – нарықты сапалы өніммен молықтыруды және экспорттық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін заманауи сауда жүйесін дамыту болып табылатынын атап өтті.

Сонымен бірге, Министрлік 2025 жылы 7 макроиндикаторға қол жеткізу мақсатын алға қояды. Бұл көлеңкелі сауда үлесін 31%-ға дейін төмендету, ұлттық стандарттарды қолдану деңгейін 75%-ға дейін жеткізу және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізаттық емес экспортын 41 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту, электрондық сауда үлесінің бөлшек сауда айналымының 10%-на дейін өсімі.

7 негізгі міндет бөлінісінде сауданы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын айқындау барысында нәтижелерге қол жеткізудің 20-дан астам сапалық көрсеткіштері айқындалған.

Сонымен қатар, конференция барысында техникалық реттеу салаларынан, көтерме-тарату орталықтарының құрылысынан, сондай-ақ көшпелі сауда субъектілерімен алыс шағын елді мекендерге тауарларды жеткізудің көліктік шығындарын субсидиялау тетігі бойынша және т. б. сұрақтар келіп түсті.

Азамат Асқарұл бұл бағдарлама бизнес пен сауда саласына аса бағдарланғандықтан, аталған талқылаулар мәселелерді, ескертулер мен түрлі бастамаларды пысықтау және мұқият талдау үшін ұйымдастырылғанын атап өтті.

Осыған байланысты, ұсыныстар мен ескертулерді ҚР СИМ, Стратегия және цифрландыру департаментіне, Алмас Серікұлы Исақов,  +7 (7172) 75-06-22, a.isakov@mti.gov.kz және «Атамекен» ҰКП, Әсет Айтбаев, 87026565260, a.aitbayev@atameken.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз.

 

 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің   

Баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172)74-98-94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/

https://web.telegram.org/#/im?p=@tradepolicyQZ