Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Б.Т. Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуіне тезистері
2020 жылғы 20 тамыз, сағ. 11:00
Құрметті достар!
Бір жыл бұрын Президент өз Жарлығымен Сауда және интеграция министрлігін құрған болатын. Бұл саланы дербес ведомствоға бөліп шығару маңызды шешім болып табылады.
Бүгін сауда саласы жалпы ішкі өнім құрылымында 17%-ға жетіп ірі экономика секторының біріне айналды. Бұл салада
1,4 млн. адам жұмыспен қамтылған.
Министрлік құрылған сәттен бастап тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күшін салуда. Әлемдік сұраныс өзгеріп, сауда-өндірістік тізбектер үзіліп жатқан кезеңде өндірілген өнімнің сатылымын ұлғайту біз үшін аса маңызды.
2-слайд. Сондықтан Сауда және интеграция министрлігі – бұл жай ғана салалық ведомство емес.
Біздің функцияларымыз отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін бағыттардың кең спектрін қамтиды.
Бұл халықаралық сауда, экспортты дамыту, өткізу арналарын кеңейту мәселелері. Сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау және импортты әртараптандыру.
Қосылған құны жоғары өнімді өндіруге көмектесетін тауарлар ғана алып келуі керек.
Оны біз өз кезегімізде экспорттайтын боламыз. Бірақ, біз осы құрамдастарды барынша импортты алмастыруға ұмтылуға тиіспіз.
Сонымен қатар, егер сұраныс болса, әлемнің кез-келген нүктесінен отандық тұтынушы тауарларға қол жеткізе алуы тиіс.
Біздің жұмысымыздың әр бағытына толығырақ тоқталамын.
3-слайд. Бірінші бағыт: өңірлік интеграцияны кеңейту
Әлемдегі сауданың жалпы баяулауы аясында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы
1-жартыжылдық қорытындысы бойынша 7,4%-ға төмендегенін көрсетті.
Анықтама: 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауданың тауар айналымы 96,1 млрд. $ құрады. 2018 жылмен салыстырғанда
(94,8 млрд. $) 1,6 млрд. $ мөлшерінде өсім қамтамасыз етілді. Экспорт
2019 жылы 5,5%-ға төмендеді және 2018 жылмен салыстырғанда
(61,1 млрд. $) 57,7 млрд. $ құрады, импорт 14%-ға ұлғайды және 2019 жылы 38,4 млрд. $ құрады (2018 жылы – 33,7 млрд. $).
2020 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауданың тауар айналымы 42,5 млрд. $ құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда
(45,9 млрд. $) 3,4 млрд. теңге мөлшерінде немесе 7,4%-ға төмендеді.
2020 жылдың 6 айында Экспорт 9,1%-ға төмендеді және 2019 жылмен салыстырғанда 26,0 млрд. $ (28,6 млрд. $) құрады, импорт 4,6%-ға төмендеді және 16,5 млрд. $ құрады, 2019 жылғы ұқсас кезең – 17,3 млрд. $.
Өкінішке орай, Еуразиялық одақ шеңберінде бұл төмендеу одан да көп – 10,0%.
Басқа өңірлік бірлестіктерде сауда қатысушы елдердің экономикалық белсенділігінің басты ынталандырушысы болып табылады. Сондықтан сауданы барынша аймақтандыру Еуразиялық одақтың басты мақсаты болуы тиіс.
Түсіндіріп өтейін
Қазақстан – үлкен ел, халық тығыздығы төмен. Қалалар бір-бірінен және сыртқы нарықтардан үлкен қашықтықта. Сондықтан бізде бәсекеге қабілетті өнімді құру ғана емес, оны нарыққа шығару және шетелге сату мәселесі тұр – оны Еуропаға немесе Америкаға алыс жерлерге апару керек. Тек жоғары мамандандырылған тауарларды тасымалдау тиімді.
Мысалы, біздің шығысымызда шығарылатын әуе құрылысына арналған құрамдауыштар, біз өткен жылы сата бастаған қосарлы мақсаттағы өнімдер немесе тепловоздар.
Бірақ қалған барлық өнімдер бойынша біз, ең алдымен, логистикада ұтыламыз.
Сондықтан бірінші кезекте жақын көршілермен сауданы дамыту маңызды.
Басқа бірлестіктерде қалай болады. Мысалы, Еуро одақта мүше елдер арасындағы тауар айналымы барлық сауданың 63% - на, НАФТА – 47% - ға жетеді.
Өкінішке орай, Еуразиялық одақ ішінде тауар айналымы бар болғаны 14% - ды құрайды. Содан кейін пандемия аясында ол 11% - ға дейін төмендеді.
Бізге сауда-экономикалық интеграцияны тереңдетуде жұмыс істеу керек. Біз осы салада ұлттық мүдделерді қолдаймыз.
Ол үшін кедергілерді азайту өте маңызды.
Өткен жылдан бастап Министрліктің құрылуымен бұл жұмыс елеулі бола бастады.
Негізінде, бұған объективті себеп бар. Бірінші кезеңде ішкі интеграциялық процестерді жолға қою, институционалдық және құқықтық базаны құру міндеттері тұрды.
Енді экономикалық одақ кеңістігіндегі практикалық жұмыс уақыты келді. Бір жыл ішінде біз 16 кедергіні алып тастадық, бұл өте маңызды, Еуразиялық экономикалық комиссияның тосқауыл белгілері туралы өтініштерді қарау мерзімдерін 3 айға дейін қысқартуға қол жеткіздік. Бұрын бұл процесс бір жылға созылуы мүмкін еді.
Біз барлық мүдделерімізді Еуразиялық одақтың даму стратегиясының жобасына енгіздік. Олар біздің тауарларымыздың уразия Экономикалық Қауымдастығына мүше мемлекеттердің нарықтарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыртқы сауда дипломатиясы шеңберінде біз сауда протекционизмімен күресеміз. Елдер саяси немесе экономикалық себептер бойынша біздің тауарларымызға кедергі келтіретін жағдайлар өте көп.
Өткен жылы біз көміріміздің Украинаға Ресей аумағы арқылы транзиті кезінде кедергілерді жойдық (көмір экспортының көлемін 40% - ға - 140 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы келісімге қол жеткізілді). АҚШ-қа қазақстандық титан губкасына,
ал Украинада - біздің минералды тыңайтқыштарымыздың импортына жоғары импорттық кеден бажын енгізуге жол берілген жоқ. Қазір біз АҚШ-пен кремний өндірушілерінің мүдделерін қорғау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Сертификаттау мәселесі өте маңызды.
Біз Еуразиялық одақ кеңістігінде сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат жүйесін енгізуді жандандыра алдық. Енді қазақстандық экспорттаушыларға, мысалы, сүт өнімдеріне экспорттық айранның әрбір партиясына сертификат алудың қажеті жоқ. Ал жарты жылда бір рет тауардың Қазақстанда жасалғанын сертификатпен растау жеткілікті.
Қазір техникалық реттеудегі мүдделерді түйістіру және Өзбекстанмен сәйкестікті бағалау мәселесін пысықтап жатырмыз.
Біз Ташкентті Орталық Азиядағы басты серіктесіміз және ірі өткізу нарығы ретінде қарастырамыз.
Екі Мемлекет басшылары біздің алдымызға таяу жылдары Өзбекстанмен тауар айналымын екі есеге: $ 10 млрд – қа дейін арттыру міндетін қойды.
Мұнда құрылатын «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы маңызды рөл атқарады. Біз Ташкентпен бірлесіп, оны құру бойынша Жол картасын іске асыруға кірісеміз.
Біздің экспортымыздың географиясын кеңейтуге ЕАЭО басқа елдермен құратын еркін сауда аймақтары ықпал етеді.
Бізде Вьетнам, Иран, Сербия, Сингапур сияқты аймақтар бар. Израиль, Египет және Үндістанмен келіссөздер жүргізілуде.
* * *
4-слайд. Біздің жұмысымыздың екінші маңызды бағыты – экспорт.
Біздің өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлар экспортымыз баға көрінісінде физикалық көлемнің оң серпінін көрсеткеніне қарамастан, екінші жыл төмендеуде.
Анықтама үшін: 2019 жылы өңделген тауарлар экспорты 3,5% – ға қысқарып, $15,1 млрд.құрады (2018 жылы - $ 15,7 млрд.).
Мысалы, ферроқорытпаларға әлемдік бағаның 14,5% - ға төмендеуі экспорттың шамамен $320 млн-ға қысқаруын тудырды. Бұл ретте, нақты мәнде экспорт 6,9% - ға немесе 109 мың тоннаға
(1 587,6 мың тоннадан 1 696,6 мың тоннаға дейін) ұлғайды.
Ағымдағы жылы жағдай пандемиямен және әлемдік сауда қарқынының баяулауымен күрделене түсті. Яғни, баға төмендеп қана қоймай, біздің негізгі экспорттық тауарларымызға сұраныс азайды.
Тауарлардың шикізаттық емес экспорты төмендеуде. Бірінші жартыжылдықта төмендеу 9,0% құрады (2020 жылғы 6 айда шикізаттық емес экспорт – $ 7,0 млрд.) Мырыш, қорғасын жеткізілімдері іс жүзінде толық қысқарды. Бірақ күміс (24,4%-ға өсу), алюминий оксидтері мен гидроксидтері (18,9%-ға) жеткізілімдері белсенді түрде артып келеді.
Осы жылдың бірінші тоқсанында қызметтер экспорты да 5,8% - ға қысқарды. Ең көп құлдырауды сапар қызметтері (-20,7%) және жолаушылар көлігі қызметтері (-16,2%) көрсетеді.
Бұл экспортты әртараптандыру және қосымша құны жоғары және тұрақты сұранысқа ие тауарлар өндірісіне көшу қажеттілігін тағы да көрсетеді.
Ағымдағы қиын жағдайларда біз шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың белсенді саясатын жүргізіп жатырмыз.
Өткен жылы Министрліктің көмегімен
300 қазақстандық компания 50 шетелдік көрмелерге қатысып, 114 млрд.теңгеге ($ 270 млн.)
63 экспорттық келісімшарт жасасты.
Өңделген өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау 2 жыл ішінде 277 экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өз шығындарын 6,8 млрд. теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Босатылған қаражатты олар өндіріс көлемін ұлғайтуға инвестиция ретінде сала алады. Тиісінше, олардың экспорттық түсімнен салық аударымдары да өсті.
Анықтама: кәсіпорындар өндіріс көлемін 9% - ға арттырып, экспорттық түсімді 30% - ға арттыра алды. Олардың салық аударымдарының өсуі 45% - ды құрады.
Экспорттаушылар жеңілдетілген несие мен экспорттық сақтандыру алады. Өткен жылы «ҚазақЭкспорт» 82 экспорттаушының 97,1 млрд. теңгеге сақтандыру міндеттемелерін қабылдады, осы жылы – 37,9 млрд. теңге сомасына 52 экспорттаушы.
Біз қолдаудың тағы бір құралы – экспорттық қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы бастама көтереміз. Бұл сыртқы нарықтарға жоғары технологиялық өнімді жеткізу жөніндегі келісімшарттарды қолдайды. Қолдаудың осы түрін күтетін және жыл сайын 300 млрд. теңгеден астам сомаға осындай өнімді экспорттауға дайын кәсіпорындардың нақты тізбесі бар.
Біз экспорттаушылармен тәулік бойы
байланыстамыз. Олар біздің @exportgov телеграмм-арнамыз арқылы көптеген проблемалық мәселелерді айтады.
Мысалы, биыл біз Лепсинскіден Біріккен Араб Әмірліктеріне 10 тонна бал жеткізуге көмектестік. Онда сәуір айында 22 тонна ет өніміне авиаэкспресс ұйымдастыра алдық. Өткен жылы алғаш рет біздің аккумуляторларымызды Италияға экспорттауды ұйымдастырдық. Ұшу-навигациялық тренажерлар Камбоджаға (сондай-ақ алғаш рет) жіберілді.
Біз мемлекеттік қолдаудың жаңа
жүйесін – экспорттаушыларды жеделдетуді іске қостық. Бизнес жаңа нарықтарға шыққанға дейін сүйемелдеуде (Канада, Австралия, Ресей, АҚШ, Германия тәжірибесі) - қарқынды экспорттық дамуға көмек алады. Тамақ өнеркәсібінде Қытайға экспортқа шығарылатын 40-қа жуық компания іріктеліп алынды.
Анықтама: бұл Қытай тарапынан Қазақстанның тамақ саласына деген жоғары қызығушылыққа байланысты. Соңғы 4 жылда Қазақстаннан Қытайға тамақ өнімдерін жеткізу көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны 2015 жылғы $ 31 млн. - нан 2019 жылы $ 146 млн. - ға дейін ұлғайып, 47% - ды құрады.
Біздің есептеуіміз бойынша, 2025 жылға қарай экспорттық акселерацияны қолдау сенімді экспорттаушылар қатарын тағы алты жүз қазақстандық кәсіпорынға толықтыруға мүмкіндік береді (бүгінгі таңда 400 экспорттаушы).
Бұл экспорттық жеткізілімдердің $ 410,2 млн.-ға ұлғаюын және қосымша салық аударымдарының 34,5 млрд. теңге түсуін қамтамасыз етеді.
Жалпы, экспортты ұлғайту перспективаларын талдау 16 басым тауар позициялары бойынша
$ 13,5 млрд. әлеуетін көрсетеді (етті мал шаруашылығы, АӨК басқа да өнімдері, пестицидтер мен тыңайтқыштар, металдар, мұнай химиясы, машина жасау, көлік хабы, ат қызметтері, туризм).
Басым қызметтер бойынша, оның ішінде көлік, туризм және ІТ саласында экспортты
$ 4,4 млрд-қа өсіру әлеуеті бар.
* * *
Слайд 5. Үшінші бағыт - Ішкі сауда.
Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы
11 проценттік қарқынмен өсіп, 37,5 трлн. теңгеге жетті.
Алайда, биылғы жылдың 6 айында ішкі тауар айналымы 6,9%-ке төмендеп, 14,9 трлн. теңгені құрады (2019 ж. – 16 трлн. теңге). Сонымен қатар COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48%-ке түсіп кетті.
Бұл сала салымдарды талап етеді: сауда инфрақұрылымының жартысы 21 ғасырдың форматтарына сәйкес келмейді.
Нарықтарды қазіргі заманғы сауда форматына ауыстыру саладағы кәсіпорындардың 10% – ға, ал жұмыспен қамтылғандар санының 5 мың адамға өсуіне ықпал ететін болады.
Дегенмен, сауда инфрақұрылымын жаңғыртудағы ең бастысы-цифрландыру.
Сауда-саттықтың электрондық жүйесі, мысалы, отандық тауар өндірушілер мен шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік береді, мәмілелердің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Биржалық баға белгілеулер нақты уақыттағы нарықтың жай-күйін көрсетеді. Бұл баға келісімінің мүмкіндігін жоққа шығарады.
Тұтас және тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылады.
Ол фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, делдалдар мен ретейлерлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Тек техникалық қана емес, сонымен қатар ақпараттық.
Бірыңғай цифрлық жүйемен байланысты
24 көтерме-тарату орталығы өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізу тізбегін оңтайландыруға, өнімді сақтауға, тиімді таратуға және сатуға қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Тауар шығындарын азайту фермерлерге өнімділікті арттыруға қосымша инвестициялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жеке өндірушінің өткізу нарықтарына және сату алдындағы сауда инфрақұрылымына толық тікелей қол жеткізуі жеке меншік иесінің де, жалпы саланың да кірістерін арттырады.
Тұтынушы, өз кезегінде, сапалы қауіпсіз өнімдер мен жақсартылған қызмет алады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45% - ға дейін төмендету қамтамасыз етіледі. Бұл тұтынушылар үшін жыл сайын шамамен 60 млрд. теңгені үнемдейді.
Ұлттық тауар өткізу жүйесі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететіні және ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында көргеніміздей, маусымдық және ажиотажды «тапшылық» үрдістерді болдырмауға мүмкіндік беретіні маңызды.
* * *
Слайд 6. Біздің саланың дамуында біз де электрондық коммерцияға баса назар аударамыз. Бұл пандемия кезеңінде күшейген әлемдік тренд.
Егер өткен жылы Қазақстанда электрондық нарық көлемі 700 млрд. теңгеден сәл артық болса, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында ғана онлайн-сауда көлемі 432 млрд. теңгені құрады.
Осы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңге күтеміз.
Ал, 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі
2 триллион теңгеге немесе елдегі барлық бөлшек сауданың 13%-на жетуі мүмкін.
Біздің болжамымыз бойынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% - ына жетеді.
Электрондық коммерция бөлшек сауданы, әсіресе халықаралық сауданы айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. Біздің кәсіпкерлерге әлемдік электрондық сауда алаңдарын игеруге көмектесу үшін СИМ Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries-пен келіссөздер жүргізуде.
Біздің 43 компания Alibabaның алтын аккаунттарында сауда жасайды, тағы 3 компания витриналар дайындайды. 21 қазақстандық компания Wildberries - те сауда жасайды.
Біз Wildberries компаниясымен компания шамамен 5 мың жұмыс орнын құрумен және алаңы 100 мың шаршы метр (2022 жылдың соңына дейін) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында («Алатау» инновациялық технологиялар паркінің арнайы экономикалық аймағында) логистикалық орталықтар салады деп келістік.
Қазақстанда 3 фулфилмент-орталық жұмыс істейді, онда күніне 350 мыңнан астам пошта жөнелтімдері өңделеді. 2025 жылға қарай олардың саны 15-ке дейін ұлғаяды, ал пошта жөнелтілімдерінің саны 82,8 млн. данаға дейін өседі.
Қазақстанда 13 қазақстандық цифрлық Сауда платформасы жұмыс істейді. Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және басқалар сияқты маркетплейстер.
Оларды қолдау үшін КТС және ЖТС төлеуден қосымша босату мәселесі пысықталуда. Ұлттық банкпен бірлесіп төлем жүйелері арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселелерін пысықтап жатырмыз.
* * *
7-слайд. Сауданы дамыту тауарлар мен қызметтердің сапасы үшін күрестен алшақтамауға тиіс.
Сондықтан біздің Министрлік жұмысының төртінші маңызды бағыты: тұтынушылардың құқықтарын қорғау және техникалық реттеу болып табылады.
Техникалық реттеу қарапайым заттар экономикасын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі және жосықсыз импорттың тосқауыл шарасы болып табылады.
Бірақ сапасыз ішкі өндіріске тек тұтынушылардың көмегімен тыйым салуға болады.Қазақстанда 18 миллион тұтынушы бар. Бұл 18 миллион талапшыл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылаушылар.
Заңнамадағы өзгеріс бізге қоғамдық бақылау құралдарын кеңейтіп қана қоймай, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың толыққанды ұлттық жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Біз шағымдарды қараудың үш сатылы жүйесін енгіздік және «бір терезе» қағидаты бойынша шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Анықтама: I деңгей – сатушы дербес немесе дауларды сотқа дейін реттеу институттары арқылы, II деңгей –уәкілетті орган, III деңгей – сот арқылы.
Әзірге шағымдардың басым бөлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары арқылы өтеді. Өткен жылы барлығы 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті, осы жылдың бірінші жартыжылдығында тағы да сонша өтініш келіп түсті.
Қазақстандықтар көбінесе қаржылық, медициналық, көліктік және тұрмыстық қызмет көрсету, ТКШ және бөлшек сауда саласындағы бұзушылықтар туралы мәлімдейді. Биылғы жылы шағымдар болмай қалған концерттер, тойлар немесе туристік сапарлар үшін ақшаны қайтаруға қатысты болды.
Анықтама: 2020 жылдың 6 айында жойылған іс-шаралар үшін жалпы сомасы 709 620 теңгеге 23 өтініш келіп түсті, оның ішінде 449 620 теңге қайтарылды.
Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы Руки Вверх, Успенская тобының концерттеріне, Белгородтағы «Халық шығармашылығы» фестиваліне, «Астана – Опера» театрының қойылымдарына және басқа да іс-шараларға «ticketon.kz» сайты, Яндекс поштасы, концерт залдарының кассалары арқылы сатып алынды.
Мейрамханаларда, кафелерде және т.б. жерлерде әртүрлі отбасылық салтанаттардың өткізілмеген мерекелерге қаражатты қайтару мәселесі бойынша өтініштердің саны 50 өтінішті, жалпы сомасы 8 810 000 астам теңгені құрады. Оның ішінде қайтару 7 895 000 теңге сомасына жүзеге асырылды, қалған өтініштер бойынша әлі де жұмыс жүргізілуде.
«Бек Эйр» әуекомпаниясына қатысты Министрліктің талаптары негізінде тоқтатылған рейстер үшін билеттердің құнын қайтару бойынша бірқатар сот талқылаулары жүргізілді. Сот талап-арыздарды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл 60 млн. теңгеден астам сомаға 990 тұтынушының мүддесі.
Анықтама: 60,1 млн. теңге сомасына 990 өтініш, 1813 билет.
Біз сондай-ақ SCAT, Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларымен тоқтатылған рейстер үшін билеттердің құнын қайтару бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз.
Тұтастай алғанда, біз тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың басты қағидатын: оның құқықтарын осы жерде және қазір толық орындауды сақтауға жоспарлы түрде жететін боламыз.
* * *
8-слайд. Тұтынушылардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға техникалық реттеу жүйесін жетілдіру ықпал етеді.
Жыл сайын озық халықаралық құжаттар негізінде мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар әзірленеді. Оларды пайдалану кәсіпорындарға өнімнің жоғары сапасын және өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
2019 жылы 1 000 жаңа Ұлттық стандарт әзірленді және алдағы 5 жылда тағы 2 500
(оның ішінде ескіргендердің орнына) әзірленетін болады.
Мысалы, биыл Халал стандарттары алғаш рет енгізілді. Олар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының, ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының, MS (Малайзия) стандарттарының және тағы басқалардың талаптарын ескере отырып әзірленген.
Сәйкестік сертификаттарын беретін субъектілерді аккредиттеудің электрондық жүйесі енгізілді. Бұл құжаттарды бұрмалау және қолдан жасау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Біздің қысқа мерзімді жоспарларымызда-өнімді сертификаттаудың халықаралық танылған жүйесін құру. Сондықтан біз заманауи зертханалық желіні қалыптастыруға ден қоямыз. Елдің 904 сынақ зертханасының үштен бірі ЕЭК бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жаңа бағыттар бойынша (халал, органикалық және GLP (химия, мин.тыңайтқыштар, құрама жем, дәрі-дәрмектер) зертханалар жаңғыртылады.
Ішкі нарықты кешенді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі біздің барлық қадамдарымыз жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң жобасының жаңа редакцияда және ілеспе заң жобасында көрініс тапты.
Қауіпті және сапасыз өнімдерге тосқауыл қойылады. Бұдан, адал кәсіпкерлер мен қарапайым тұтынушылар пайда көреді.
* * *
Құрметті достар!
9-слайд. Соңғы жыл сауда мен жалпы әлемдік экономика үшін таңқаларлық болды. Қазіргі шындық әлемді өзгертеді. Біз барлық сын-қатерлерге тез әрі тиімді жауап беруге міндеттіміз.
Бұл төтенше жағдай кезінде орын алды. Естеріңізде болса, адамдар карантинге отырып, өнімдерді жаппай сатып алғанда, жеке азық-түлік тауарларының бағасы шарықтап кетті. Негізсіз.
Тек дүрлікпе сұраныс есебінен.
Сол кезде бізге нарықтық емес шараларды қолдануға тура келді – кейбір тауарларға шекті баға белгіледік. Бұл көмектесті және бағалар тиісті деңгейге оралды: биылғы жылы азық-түлік инфляциясы, тіпті наурыз айындағы секірісті ескере отырып, өткен бірнеше жылға қарағанда төмен.
Сонымен қатар, наурыз айында сауда және қызмет көрсету субъектілері мүлік пен еңбекақы төлеу қорына салық төлеуден босатылып, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттер бойынша мерзімін ұзартып, жеңілдетілген кредит алуға қол жеткізді.
Қолдау шаралары 1,4 млн. астам қазақстандық немесе елдің экономикалық белсенді халқының 16,3%-ы еңбек ететін 126 мыңнан астам бизнес субъектілеріне ұсынылды.
Құрметті телекөрермендер!
10-слайд. Елбасы мен Мемлекет басшысы сауда саясатын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Сауда саласын дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша нақты тапсырмалар берілген болатын.
Осы тапсырмаларды ескере отырып, Министрлік жақын арадағы перспективаға негізгі міндеттерді айқындады.
Бірінші. Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттары жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.
Онда базалық бағыттарды дамытумен қатар денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, туризм, спорт және қоршаған ортаны қорғау сияқты ЕАЭО үшін жаңа бағыттар бойынша экономикалық ынтымақтастықтың негізі қаланады.
Стратегиялық бағыттарда көзделгендердің барлығы еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді.
Екінші. Елдің 2020 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық өсуін қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарларды іске асыру сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін неғұрлым қысқа мерзімде қалпына келтіруге, сондай-ақ экспорттаушыларға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Үшінші. Министрлік Қазақстан Республикасының саудасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі.
Онда анықталған сауданы дамытудың міндеттері мен векторлары бизнеспен және мүдделі тараптармен бірнеше рет талқыланды. Бағдарлама жобасында заңнамалық жетілдіру шаралары да, бизнесті қолдау және сауда инфрақұрылымын дамыту құралдары
да қарастырылады.
Төртінші. Көп форматты тауар өткізу жүйесін құру. 2022 жылдың соңына дейін барлық өңірлерде
24 көтерме-тарату орталығы пайдалануға беріледі.
Бұл отандық тауар өндірушілердің
ең аз шығыстары және шығындарымен алқаптан сөреге дейін тауарларды жеткізудің ұлттық жүйесін қалыптастыруға, және ең бастысы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте, халық таза және арзан азық-түлік тауарларын алады.
Бесінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың толыққанды ұлттық жүйесін құру шеңберінде Шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және Ведомствоаралық Кеңес құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Олар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерге шоғырландыруға және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алтыншы. Маусым айының соңында Парламент Мәжілісінің қарауына «Техникалық реттеу туралы» Заң жобасы енгізілді. Ол өнім қауіпсіздігінің, өмір процестерінің, адам денсаулығы мен қоршаған ортаның ауқымды мәселелерін шешуге бағытталған.
* * *
Құрметті достар!
11-слайд. Министрліктің барлық қызметі сауда процестерін жетілдіруге және халықтың өмірін сапалы жақсартуға бағытталған.
Сондықтан біз өз жұмысымызда барлық қолжетімді байланыс арналары: онлайн-қабылдау бөлмесі, министрдің блогы, электрондық үкімет порталы және әлеуметтік желілер арқылы қоғам мен бизнестің ұсыныстарына бағдарланамыз.
Пандемия басталғанға дейін Министрлік азаматтармен кездесулерді «Нұр-Отан» алаңында өткізді. Барлық өтініш білдіргендерге көмек көрсетілді. Тіпті Министрліктің құзыретіне кірмесе де.
Біз бизнеспен кездесулерді Facebook-те трансляциялаумен бейнеконференц байланысы арқылы өткіземіз.
Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушыларға көмек көрсету үшін арнайы телеграм қосымшасы қосылған. Барлық келіп түскен өтініштер Министрліктің жанындағы жедел штабында қаралып, жауап беріледі.
Мысалы, жақында біз Қазақстан-Қытай шекарасындағы экспорттаушыларымыз үшін «жасыл дәлізді» қалпына келтірдік.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің телеграм-бот қосымшасы арқылы шағым беруге болады. Мәселен, тұтынушы «Скат» әуекомпаниясынан билеттің қаражатын қайтару мәселесімен жүгінді. Бұл өтініш жедел түрде қаралып, шешімін тапты.
Қайталап айтамын: біз сіздер үшін әрқашан ашықпыз және әр уақытта байланыстамыз.
Назарларыңызға рақмет.
Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.