
Халықаралық қатынастарды дамытудың негізгі міндеті таяу шетелдермен халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі ұсыныстарды реттеу және әзірлеу, таяу шетелдермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз ету, алыс шетелдермен халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі ұсыныстарды реттеу және әзірлеу, халықаралық және өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық сауда-экономикалық қатынастарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды үйлестіру және әзірлеу болып табылады., сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.
2021 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Швейцария Федералдық Кеңесінің сауда келісімдері жөніндегі уәкілі Эрвин Боллингермен келіссөздер жүргізді. Швейцарияға жұмыс сапары Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша өтуде. Естеріңізге сала кетейік, министр Сұлтанов екіжақты қазақстан-швейцария үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелерін талқылады.
Бақыт Сұлтанов сауда ағындарының теңгерімсіздігін және өзара сауда құрылымын әртараптандыру қажеттілігін атап өтті. Ол әріптесіне жалпы сомасы $400,3 млн құрайтын өнімнің 70 атауынан экспорттық әлеуетті тауарлардың тізбесін ұсынды.
"Біздің мұнай-химия, машина жасау, металлургия, химия, тамақ, Құрылыс тауарлары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері салаларының өнімдерін жеткізуді ұлғайту мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда Еуроодаққа экспортталуы мүмкін қазақстандық өнімнің ЕО талаптары мен нормаларына сәйкестігін келтіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде", - деп хабарлады Сауда министрлігінің басшысы.
Тараптар, сондай-ақ, біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында нормативтік құқықтық базаны өзектендірудің маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, қызметтер саудасын ішкі реттеуге қатысты хаттама жасасуға дайындық бойынша жұмыс барысы.
"Аталған хаттамаға қол қою заңнамалық кедергілерді жоюға, рұқсат беру жүйелерін әкімшілендіруді жетілдіруге және лицензиялық талаптардың транспаренттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады", - деді Сұлтанов.
Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын келесі жылы өткізуге уағдаластық.
Кездесуде сондай-ақ ДСҰ-ның дайындалып жатқан 12-ші Министрлік конференциясының мәселелері талқыланды. Тараптар МК-12 мазмұнды мәселелері бойынша нәтижелерге қол жеткізуге және осы конференцияны нәтижелі өткізуге үміт білдірді.
Сол күні Сауда және интеграция министрі бірқатар швейцариялық компаниялардың өкілдерімен: KS Genetics SA компаниясының президенті Филиппо Ломбарди, Crypto Valley Venture Capital венчурлік компаниясының Басқарма мүшесі, Швейцария Конфедерациясының экс-Федералдық Кеңесшісі және Федералдық президенті Йохан Шнайдер-Амманнмен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, "Ammann Group" бас директоры, Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ханс-Кристиан Шнайдер және Stadler Rail AG Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің тең төрағасы Петер Шпулер сөз сөйледі.
Министр бизнес өкілдерімен Қазақстан аумағындағы экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялау мәселелерін талқылады.
Анықтама:
2020 жылы Швейцария Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы 2% үлесімен ҚР-ның 11-ші ірі сауда серіктесіне айналды.
Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара сауда көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 39% - ға төмендеп, $1,7 млрд құрады (2019ж. - $2,8 млрд.).
Экспорттың негізгі төмендеуі жеткізілімдердің қысқаруы есебінен болды: шикі мұнай (әлемдік бағалардың төмендеуі аясында), табиғи газ – 24,5% - ға немесе $52 млн. – ға (пандемияға байланысты Еуропада сұраныстың қысқаруы жағдайында тауар бағасының төмендеуі аясында). 2020 жылы Швейцариядан Қазақстанға Импорт 38,9% - ға өсіп, $188,4 млн құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде тауар айналымы $673,2 млн.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37% - ға төмен ($1 0169,2 млн.)
Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің реформасы жүргізілуде. Атап айтқанда, ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың орнына қоғамның нақты қажеттіліктеріне бағдарланған ықшамды ұлттық жобалар қабылданатын болады.
Осылайша, сауданы дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту» деген 2 ұлттық жобаларда көрініс табады (әзірлеуші – Ұлттық экономика министрлігі).
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» жобасы шеңберінде шикізаттық емес экспортты 2 есеге - 41 млрд. долларына дейін ұлғайту бойынша міндет көзделген.
Мұны шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданатын болады.
Біріншіден, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы іске асырылатын болады. 2025 жылға дейін 1000 отандық тауар өндірушілерді қамту жоспарланып отыр. Олардың ішінде кәсіпорындардың 30%-ы өздерінің алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады, қалған 70%-ы өздерінің экспорттық көлемдерін ұлғайтады немесе тұрақты жеткізілімдері бар жаңа нысаналы нарықтарын ашады.
Екіншіден, жыл сайын кемінде 50 экспорттаушы халықаралық электрондық алаңдарға шығарылатын болады. Арнайы премиум мәртебесі бар экспорттаушылар өз өнімдерін маркетплейстер ішінде жан-жақты ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.
Үшіншіден, экспорттаушыларды қолдау жөніндегі кешенді шаралар кеңейтілетін болады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорт географиясын кеңейтуге және экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, 2025 жылы зертханалық базаның 30%-ы жаңғыртылады. Отандық өндірушілер Қазақстанда өз өнімдеріне сынақ жүргізе алады және сол арқылы өздерінің шығындарын азайта алады, яғни экспортқа шыққан кезде бәсекеге қабілетті бола алады.
Екінші ұлттық жоба «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық тауар өткізу желісін құруды қамтиды.
Бұл бағыттағы жұмыс басталды.
Біріншіден, стационарлық емес сауда объектілері жаңғыртылатын болады.
Бүгінгі күнге 500-ден астам әмбебап сауда базарларының 103-і жаңғыртуды талап етеді. 2023 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 37, 2025 жылдың соңына дейін қалған 66 (басқа өңірлерде) сауда объектісін жаңғырту жоспарлануда.
Аталған шаралар өркениетті сауда деңгейін арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және көлеңкелі сауданы қысқартуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, тиімді жұмыс істейтін сауда-логистикалық және тарату жүйесін құру көзделеді. Бұл заманауи сауда инфрақұрылымын қалыптастыру, 24 КТО салу.
Оны іске асыру сауда субъектілерінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, Трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады және трансшекаралық сауданың 5 орталығы құрылады/жаңғыртылады.
Бүгінде, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» ХСЭЫО құру басталды. Ресей, Қытай, Қырғызстанмен сыртқы шекараларда осындай орталықтар құру және жаңғырту жоспарда бар.
Аталған мәселелерді шешудегі кешенді және жүйелі тәсіл сауда хабтары жүйесін құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл жүйе КТО-мен интеграцияланып, Еуразиялық сауда ағындарын дамытудың өзегі болады.
Бүгінгі күнге ұлттық жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісудің барлық рәсімдерінен өткенін және жақын арада Премьер-Министр Кеңсесіне және Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілетінін атап өткен жөн.
Алматы - 2021 жылғы 23 қарашада ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Экономикалық байланыстар жөніндегі министрінің орынбасары Зубаир Асхар Курешидің тең төрағалығымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтті.
Тараптар сауда, өнеркәсіп, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ екі елдің тауарлары мен қызметтері нарығына қолжетімділікті жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Өзінің құттықтау сөзінде Қайрат Төребаев Пәкістан Қазақстанның сыртқы саудадағы перспективалы бағыттарының бірі, сондай-ақ Азия кеңістігіндегі маңызды стратегиялық серіктес болып табылатынын, онымен екіжақты форматта да, ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де диалог жолға қойылып, қолдау табатынын хабарлады.
"Елдеріміз арасындағы өзара сауда тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы ↑ 2019 жылмен салыстырғанда 68,5% - ға ($27,1 млн.) және ағымдағы жылдың 9 айында ғана $45,6 млн. жетті, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4% ($34,5 млн.) және $48,2 млн. құрады, бұл ретте, экспорт ↑ 85,9% - ға және $26,6 млн. құрады, ал импорт 6,6% $21,6 млн құрады", - деді Қайрат Төребаев.
Сонымен қатар, Қазақстан тарапы өзара сауданы ұлғайту мақсатында ҚР-ның Пәкістанға жеткізетін тауарларының номенклатурасын әртараптандыру және кеңейту қажеттігі туындағанын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанның сауда министрлігі Пәкістан нарығында сұранысқа ие $487,2 млн.сомасына 110 әлеуетті тауарлардың тізбесін әзірледі.
Тараптар Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін, екі ел арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдету және әртараптандыру міндеттерінің басымдылығын атап өтті.
Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша туризм саласындағы жұмыс жандандырылды және екі ел арасындағы туризмді одан әрі дамытудың басымдықтары айқындалды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты Тараптар салалық министрліктер арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Бұдан басқа, Комиссияның тең төрағалары, сондай-ақ, инвестициялар көлемін арттыру бойынша нақты бастамалармен алмасты. Мәселен, Қайрат Төребаев пәкістандық әріптестеріне "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық аумағындағы бірлескен жобаларға инвестиция салуға ықпал етуді ұсынды, бұл Пәкістан бизнесінің Еуразиялық экономикалық одақтың тұтыну нарықтарына қолжетімділігін жеңілдетеді.
Осыған байланысты, үкіметаралық комиссия шеңберінде а.ж. 24-25 қарашада инвестициялар мен сауданы ілгерілетуге мүдделі екі Тараптың инвесторлары мен бизнес топтары арасында Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы өтеді.