Жалпы ақпарат

Жалғасбаев Нұрлан Әділұлы
Жалғасбаев Нұрлан Әділұлы

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Елшілік туралы

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіз!

Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнатылған.

Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі 2000 жылғы қазанында ашылған.

Н.Ә. Жалғасбаев  2025 жылдың сәуірінен бастап ҚР Польшадағы Елшісі болып тағайындалды.

Елшіліктің негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Польша Республикасындағы  құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Қазақстан Республикасының Польшамен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Польша Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

- Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

- консулдық қызмет;

- өзге де міндеттер.

Польшаның Гданьск, Вроцлав және Катовице қалаларында Қазақстан Республикасының бес Құрметті консулдықтары қызмет етуде.

Екіжақты ынтымақтастық