
Жалпы мәліметтер
1992 ж. 6 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1994 ж. 20 наурызда Қазақстанда Польшаның Елшілігі ашылды.
2000 ж. қазанда Польшада Қазақстанның Елшілігі ашылды.
2025 ж. сәуірде Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Нұрлан Әделұлы Жалғасбаев тағайындалды.
2025 жылдың тамызынан бастап Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда болып табылады.
Польшада ҚР-дың төрт Құрметті консулдығы жұмыс істейді – Гданьск, Вроцлав, Катовице қалаларында.
Саяси ынтымақтастық
Жоғарғы деңгейдегі кездесулер:
Дипломатиялық қатынастар орнатылған уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға 3 сапары болды (1997 ж. қараша, 2002 ж. мамыр, мемлекеттік сапар – 2016 ж. тамызда).
Өз кезеңінде, Польша Президенті А.Квасьневский (1999 ж. қазан), Президент Л.Качиньский (2007 ж. наурыз) және Президент А.Дуда (2017 ж. қыркүйекте – мемлекеттік сапар) Қазақстанға сапармен келді.
Жоғары деңгейдегі контактар:
2012 жылғы 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті.
2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Польша Сыртқы істер министрі Р.Сикорскидің Мюнхенде және Гаагада өткен көпжақты іс-шаралар шеңберінде кездесулері өтті.
2019 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Варшаваға жұмыс сапары өтті.
2019 жылғы 16 желтоқсанда Мадрид қаласында «Азия-Еуропа» форумының сыртқы істер министрлерінің 14-отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен ПР Сыртқы істер министрі Е.Чапутович арасында кездесу өтті.
2020 жылғы 8 желтоқсанда Варшава қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Баймұхан мен ПР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Пшидачтың қатысуымен саяси консультациялар өткізілді.
2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі З.Раумен телефон арқылы сөйлесті.
2022 жылғы 28 сәуірде Варшавада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко мен Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Пшидачтың қатысуымен саяси консультациялар өтті.
2022 жылғы 1-2 маусымда ЕҚЫҰ-ның Іс Басындағы Төрағасы – Польшаның Сыртқы істер министрі З.Раудың Қазақстанға ресми сапары өтті.
2022 жылғы 1-2 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ СІМК жұмысына қатысу үшін Лодзь қаласына (Польша) сапармен барды.
2023 жылғы 14-16 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Варшаваға жұмыс сапары өтті (СІМ-де, Президент Әкімшілігінде, РП Инфрақұрылым министрлігінде, сондай-ақ ДИАҚБ/ЕҚЫҰ-да кездесулер өткізілді).
2023 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен ПР Сыртқы істер министрі З.Раудың кездесуі өтті (БҰҰ БА 78-ші сессиясы аясында).
2024 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен ПР Сыртқы істер министрі Р.Сикорскийдің кездесуі өтті (БҰҰ БА 79-ші сессиясы аясында).
2024 жылғы 22 қазанда Варшавада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко мен Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары В.Бартошевскийдің қатысуымен саяси консультациялар өтті.
2025 жылғы 22-23 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Варшаваға сапармен келді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен ПР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Р.Сикорскийдің кездесуі өтті (БҰҰ БА 81-ші сессиясы аясында).
Парламентаралық ынтымақтастық:
Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың дамуына өз үлесін қосуда.
Польша парламентінде Сейм және Сенат депутаттарынан құралған «Қазақстан-Польша» тобы қызмет етеді. Қазақстан Парламентінде Польшамен ынтымақтасу тобылары жұмыс атқаруда.
2004 жылғы ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы О.Әбдікәрімовтің Польшаға жұмыс сапары өтті.
Польша Сенатының төрағалары Л.Пастущяк (2005 ж. сәуір), Б.Борусевич (2006 ж. қаңтар) және С.Карчевский (2016 ж. мамыр) Қазақстанға сапармен келді.
2017 жылғы 15-18 маусымда Польша Сенатының Вице-спикері М.Коц Қазақстанға сапары өтті. Поляк делегациясы Қарағанды облысына барды және «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде өткен Поляк диаспорасы күніне қатысты.
2019 жылғы 23-24 қыркүйекте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Польша Сеймі мен Сенатының делегациясының басшысы, «Польша-Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының төрайымы Б.Бартущ Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін Астана қаласына барды.
2021 жылғы 15 маусымда онлайн-форматта «Қазақстан-Польша» ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ мүшелерінің кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан мен Польша Парламенттерінің ағымдағы заң шығару қызметін талқылады, «COVID-19» коронавирусының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.
2021 жылғы 6-9 қараша Польша Сенатының Маршалы (Төрағасы) Томаш Гродзкийдің Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулері өтті. Сондай-ақ Польша Сенатының спикері Ақмола облысында тұратын поляк диаспорасының өкілдерімен кездесті.
2022 жылғы 12-13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы А.Құспан Парламентаралық Одақтың (ПАО) Киевке және Мәскеуге миссиясы шеңберінде Варшаваға жұмыс сапарымен барды. Іс-шара аясында Польша Сенатының Төрағасы Т.Гродзкийдің ПАО делегаттарымен кездесуі өтті.
2023 жылғы 19 наурызда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жанындағы ПР Сейм және Сенат делегациясының басшысы, «Польша – Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының төрағасы Б.Бартущ бастаған поляк парламентшілері (Сейм депутаты А.Помаска, сенаторлар К.Клейна және Р.Довгань) ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына кезектен тыс сайлауды байқауға қатысты.
2023 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Мәкежановтың Польша Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау үшін сапары.
2024 жылдың 11 шілдесі – «Польша – Қазақстан» атты жаңа парламенттік ынтымақтастық тобы құрылды, оның құрамына Сейм мен Сенат депутаттары кірді.
2024 жылғы 1-3 желтоқсан – Польша Республикасы Сеймінің Сыртқы істер комитетінің төрағасы П.Ковальдің Қазақстанға сапары болды.
2025 жылғы 11 сәуірде Қазақстан мен Польша парламенттік достық топтарының төрағалары С. Имашева мен Б. Бартущ арасында онлайн-кездесу өтті.
2025 жылғы 28 тамызда Астанада С. Имашева Польша Сеймінің шетелдегі поляктармен байланыс жөніндегі комиссиясының төрағасы З. Конвиньскимен кездесті. 2025 жылғы 10 қазанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты А. Лукин поляк депутаттарымен кездесу өткізді.
2026 жылғы 18-21 мамырда Б.Бартущ бастаған Польша парламенттік ынтымақтастық тобының 4 депутаты Қазақстанға сапармен келді.
2026 жылғы 18-20 маусымда Қазақстанға поляктардың Қазақстанға жер аударылғанына 90 жыл толуына орай Польша Сенатының Маршалы М. Кидава-Блоньска бастаған поляк депутаттарының делегациясы сапармен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысымен, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағаларымен кездесулер өтті.