Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ және Мальта Егеменді Ордені жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
About Embassy
Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы
Елшілігінің ресми веб-сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды.
Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі 2025 жылғы қаңтарда ашылды. 2024 жылғы қарашада Тимур Владимирович Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Елшілік Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басқаратын дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
- Болу елмен дипломатиялық байланыстарда Қазақстан Республикасының өкілдігі;
- Болу мемлекетпен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының саяси, мәдени-гуманитарлық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қамтамасыз ету;
- Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары мен болу ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қолғабыс көрсету;
- Қазақстан Республикасының қабылдаушы мемлекетпен халықаралық шарттарының жобаларын дайындауға қатысу, шарттарды жасасу, орындау және тоқтату туралы ұсыныстарды енгізу, екі мемлекет арасындағы шарттардың орындалуын бақылау.
Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Госпиталдардың Егеменді Әскери Ордені, Иерусалимдегі Әулие Иоанның, Родос пен Мальтадағы дипломатиялық өкілдігі болып табылады. Дипломатиялық қатынастар 1994 жылы 4 ақпанда орнатылды.