Мальталық Орден

Жалпы ақпарат

Иерусалимнің, Родостың және Мальтаның Әулие Иоанның Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені (бұдан әрі – Егеменді Мальта Ордені) 114 мемлекетпен және Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастар жасаған, әлемнің түрлі елдерінде дипломатиялық өкілдіктері бар, сондай-ақ БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі бар. Лауазымды тұлғаларға жеке төлқұжат береді.

Орденнің штаб-пәтері Рим қаласында (Италия) орналасқан.

Орден басшысы – Гранд Мастер Фра Джон Данлап (2023 ж. мамырдан бастап).

Ұлттық мереке – 24 маусым – Әулие Иоанн шоқындыру күні (Орден сүйеушісі).

Ресми тілдер – латын және итальян.

Орденнің өз аумағы жоқ, бірақ жалпы ауданы шамамен 0,012 км² болатын Римдегі Мальталық сарайына (Palazzo Malta)  және Вилла Мальтаға (Villa del Priorato di Malta) экстерриториялық құқықтары бар.

 

Екіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Иерусалимнің, Родостың және Мальтаның Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы 4 ақпанда орнатылды.

2001 жылы Қазақстанда Егеменді Мальта Елшілігінің бөлімі ашылды. 2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігі ашылды.

2001 жылдан бастап Егеменді Мальта Орденінің Қазақстандағы Елшісі Петер-Канизиус фон Канизиус Венадағы резиденциясымен. Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшісі – Тимур Пірімбетов (2024 жылғы қарашадан бастап). 2025 жылғы 5 наурызда Т.Пірімбетов Мальта Орденінің Сыртқы істер мәселелері жөніндегі бас хатшысы Дж.Кантиниге сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Жарияланған күні

02 мамыр 2025

Жаңарту күні

26 мамыр 2026