Келісім-шарт құқықтық база
- Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы нота, 15.02.92 ж.;
- Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісім, 24.09.98 ж. (18.10.12 ж. ратификацияланған);
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшылығы арасындағы Қасиетті Тақтың дипломаттық паспорттардың иелерін Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босату туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім, 31.01.13 ж. (19.09.13 ж. бастап күшіне енді);
- Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы саясат ведомствалары басшыларының бірлескен мәлімдемесі;
- «University Medical Center» қазақстандық корпоративтік қоры мен Ватиканның «Bambino Gesù» педиатриялық ауруханасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, 30.05.2022 ж.;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Р.Б.Сүлейменов» Шығыстану институты мен Ватикан кітапханасы мен Апостолдық архиві арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, 30.05.2022 ж.;
- Н.Назарбаев атындағы Дінаралық және азаматтық диалогты дамыту орталығы мен Дінаралық диалог дикастериясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Өзара қарым-қатынастар туралы келісімге қосымша келісім, 14.09.2022 ж. (19.07.23 ж. күшіне енді).