Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар тұрақты.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Назарбаевтың Ватиканға ресми сапарлары 1998, 2003 және 2009 жылдары өтті. Алғашқы сапар аясында негізгі мемлекетаралық құжат – Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Ватиканға ресми сапары 2024 жылғы қаңтарда өтіп, оның барысында Рим Папасы Францискпен және Қасиетті Тақтың Мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен байланыстар жөніндегі хатшысы архиепископ П.Р.Галлахермен кездесті.

Рим-католик шіркеуінің басшылары Қазақстанға екі рет келді.

Қазақстанға алғашқы мемлекеттік (пасторлық) сапарын Рим Папасы Иоанн Павел II-ші 2001 жылғы қыркүйекте жасады. Понтифик Қазақстан басшылығымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен және ел жастарымен кездесті. Астанадағы Құдай Анасының кафедралды соборында Понтификтің қатысуымен салтанатты литургия мен қасиетті месса өтті.

2022 жылғы 13-15 қыркүйекте «Бейбітшілік пен бірлік елшілері» тақырыбы аясында Рим Папасы Францисктің мемлекеттік (апостолдық) сапары өтті. Понтифик Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жұмысына қатысты, сондай-ақ Астананың басты алаңдарының бірінде Қасиетті месса өткізді.

Рим Папасы Францисктің сапары барысында 1998 жылғы
24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге қосымша келісімге қол қойылды.

Белсенді диалог жоғары деңгейде жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағалары 2005, 2018, 2021 және 2024 жылдары ресми және жұмыс сапарларымен Ватиканда болды.

2024 жылғы сәуірде Ватиканда Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы М.Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация «Біздің ортақ үйіміз: сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасайтын Құдай сыйы» атты дөңгелек үстелге қатысты.

2010 жылы Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы кардинал Т.Бертоне Қазақстанға ресми сапармен келіп, оның барысында елдің жоғарғы басшылығымен кездесулер өткізді.

2022 жылғы мамырда Қазақстанның Сыртқы саясат ведомствасының басшысы М.Тілеуберді Ватиканға ресми сапармен барып, Рим Папасы Францискпен және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы кардинал П.Паролинмен кездесулер өткізді.

Мемлекетаралық ынтымақтастықпен қатар Қазақстан мен Ватикан дінаралық және конфессияаралық диалог мәселелерінде өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді. 2003 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына Ватиканның тұрақты түрде белсенді қатысуы соның айқын дәлелі болып табылады.

Бірінші Съезде Ватикан делегациясын Евангелизация конгрегациясының президенті кардинал Й.Томко басқарды. Одан кейінгі барлық съездің жұмысында Ватикан жоғары деңгейдегі делегациялармен қатысты. Рим Папасы Францисктің 2022 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII-ші съезіне қатысуы тарихи маңызы бар оқиға болды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары