Жалпы ақпарат

Темірбек Ғабиден Жасақұлы
Темірбек Ғабиден Жасақұлы

Қазақстан Республикасының Подгорица қаласындағы (Черногория) Бас консулы

Бас консулдық туралы

Құрметті Қазақстанның достары мен қонақтары!

Құрметті Черногриядағы Қазақстанның азаматтары!

Қазақстан Республикасының Подгорица қаласындағы (Черногория) Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіздер.

Біздің веб-сайтымызда Қазақстан азаматтарына қолдау және консулдық қызметтер көрсету туралы, сондай-ақ Қазақстан және оның экономикалық мүмкіндіктерімен танысу үшін, елімізге туристер ретінде келуге немесе іскерлік байланыс орнату үшін қажетті ақпаратты таба аласыздар.

Бас консулдық Қазақстан мен Черногория арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бас консулдықтың негізгі басымдықтарының бірі – Черногориядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі оқиғаларын Жаңалықтар бөлімінен, сондай-ақ Facebook және Instagram-дағы парақшаларынан табуға болады.

Біз сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы да, сондай-ақ дәстүрлі байланыс арналары – электрондық пошта мен телефон арқылы да қуана қабылдаймыз.

Қазақстан азаматтарына арналған Бас консулдықпен жедел байланыс нөмірі «Байланыс» бөлімінде көрсетілген.

Екіжақты ынтымақтастық