
|
|
Қазақстан Республикасының Подгорица қаласындағы (Черногория) Консулы: Қойшыбаев Бақберген Бақытжанұлы Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.: +382 20 257 160 Ұялы тел.: + 382 68 695 470 (тек төтенше жағдайларда) E-mail: podgorica@mfa.kz |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.