Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 11 ақпанда орнады. 1993 жылғы қыркүйекте Бонн қаласында ҚР Елшілігі ашылды. 1999 жылы Елшілік Берлин қаласына ауыстырылды. 2022 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов болып табылады.
Сайт көпшілікті Берлиндегі дипломатиялық өкілдік қызметімен таныстыруға, сондай-ақ Германияда тұратын Қазақстан азаматтарына және Қазақстанға турист ретінде баруға немесе іскерлік қарым-қатынас орнатуға ниетті шетел азаматтарына ақпараттық қолдау көрсетуге арналған.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі