
Саяси, парламентаралық және көпжақты ынтымақтастық
1991 ж. 31 желтоқсан – Германия Федаративтік Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін тандыды.
1992 ж. 11 ақпан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. желтоқсаннан бастап Алматы қ. ГФР-ның Елшілігі ашылып, 2007 ж. Астана қ. көшірілді.
1993 ж. қыркүйек – Бонн қаласында ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігі ашылып, 1999 ж. Берлин қаласына көшірілді.
2022 ж. шілдеден бастап ҚР-ның ГФР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Онжанов болып табылады.
2021 ж. тамыздан бастап ГФР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Иверсен болып табылады.
Саяси ынтымақтастық
Ең жоғары деңгейдегі сапарлар.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Германияға 7 ресми (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012) және 1 жұмыс сапар (2015) жасады.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев ГФР-ға 3 ресми сапарлар жасады:
1) 2019 ж. 5-6 желтоқсанда Берлин қ., 2) 2020 ж. 14-16 ақпанда Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысу үшін Мюнхен қ.,
3) 2023 ж. 28 қыркүйекте Берлин қ.
ГФР президенттері ҚР-ға 4 рет келіп кетті: Р.Херцог (1995 ж.), Х.Кёлер (2008 ж.), Ф.-В.Штайнмайер (2017, 2023 жж.).
ГФР канцлерлері ҚР-ға 3 рет келіп кетті: Г.Шрёдер (2003 ж.) және А.Меркель (2010 ж. шілде және желтоқсан айларында), О.Шольц (2024).
Жоғары деңгейдегі байланыстар
ҚР-ға келіп кеткендер: ГФР Сыртқы істер министрлері Г.Вестервелле (2010, 2012 жж.), Ф.-В.Штайнмайер (2014 ж.), А.Бербок (2022 ж.).
ГФР-ға барып қайтқандар: ҚР Премьер-министрі С.Ахметов (2012 ж.), Премьер-министрдің Бірінші орынбасары Р.Скляр (2019, 2020, 2021, 2023, 2024 жж.), Премьер-министрдің Орынбасары Қ.Бозымбаев (2024 ж.), ҚР Сыртқы істер министрлері Қ.Саудабаев (2009 ж.), Е.Қазыхан (2011 ж.), Е.Ыдырысов (2013, 2016 жж.), Б.Атамқұлов (2019 ж.), ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан (2021 ж.), ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді (2020, 2022 жж.).
2022 ж. ақпанда Астанада, 2023 ж. наурызда Берлинде және 2024 ж. қарашада Астанада ҚР мен ГФР Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізілді.
Парламентаралық ынтымақтастық
Германияға сапарлар:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысу үшін (2015, 2017, 2018, 2019 ж.ж.);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин (2012 ж.);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын ілгерілету мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Д.Назарбаева (2015 ж.).
Қазақстанға сапарлар:
- Бундестаг президенті Н.Ламмерт (2010 ж.),
- Бундестагтың вице-президенттері Й.Зингхаммер (2015 ж.),
Х.-П.Фридрих (2019 ж. қыркүйек).
ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан-Германия» депутаттық достық тобы және Германия Бундестагында «Германия-Орталық Азия» парламенттік топтары жұмыс істейді. 2023 жылғы 19-21 ақпанда «Германия – Орталық Азия» депутаттық тобының делегациясы Қазақстанға сапарын жасады.
Көпжақты ынтымақтастық
Қазақстан мен Германия халықаралық ұйымдар: БҰҰ, БҰҰ АҚК (Адам құқықтары жөніндегі кеңесі), ЕҚЫҰ және т. б. шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасауда.
Сонымен қатар, ГФР 2007 жылы ЕО-ның Орталық Азиямен әріптестік жөніндегі стратегиясын әзірлеуге бастамашы болды, 2019 жылғы 17 маусымда Еуропа Кеңесі қабылдаған «ЕО және Орталық Азия: неғұрлым мықты әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» атты жаңа стратегиясын әзірлеуге белсенді қатысты.
ГФР Орталық Азияға арналған су бастамасының бастамашысы болды («Берлин процесі», 2008-2019 жж.). 2020 ж. қаңтарда ГФР-дың Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы жаңа бастамасы – «Green Central Asia» («Жасыл Орталық Азия») таныстырылымы өтті.