
Негізгі шарттар мен келісімдер
Шарт-құқықтық база 30-дан астам келісімді қамтиды, оның ішінде: Экономика, өнеркәсіп, ғылым және техника саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту туралы Шарт (Бонн, 1992 ж. 22 қыркүйек); Мәдени ынтымақтастық туралы Келісім (Алматы, 1994 ж. 16 желтоқсан); Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім (Бонн, 1997ж. 26 қараша); Шикізат, өнеркәсіптік-технологиялық әріптестік туралы келісім (Берлин, 2012 ж. 8 ақпан); Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім (Берлин, 2021ж. 13 қазан).