Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
berlin@mfa.kz
Аккаунты соц. сетей:
ОНЖАНОВ Нұрлан Баймолдаұлы
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Общая информация, образование

1960 жылы туылған.

1983 жылы Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген.

Карьера

1983-1986 жылдары – Алматы педагогикалық шетел тілдері институтында оқытушы.

1986-1992 жылдары – Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шетел тілдері институтында аспирант, зерттеуші-стажер.

1992-1994 жылдары – жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің кеңесшісі.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің аға референті.

1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші.

1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде кеңесші.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасының Майндағы Франкфурт қаласында бас консул.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы тарапынан ұлттық үйлестіруші.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.

2022 жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

 

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары