Құрылым

КИОР

Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғамды құруға қатысатын барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерілету стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

Толығырақ

«QazContent» АҚ

Агенттік туралы

«QazContent» » АҚ – Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.

https://qcontent.kz/

 

Толығырақ

«Қазтелерадио» АҚ

Компания туралы

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жерсеріктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында «Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

https://kazteleradio.kz

Толығырақ

«Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 262 Қаулысымен құрылды. Институт этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты талдамалық, зерттеу және сараптамалық қолдауды жүзеге асырады. 

https://iaer.kz/kz/ 

Толығырақ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғам Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру, грант беруші қызметтің барынша айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Оның қызметінің негізгі түрлері - ҮЕҰ-дың мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарын беру және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

https://cisc.kz/kk/ 

Толығырақ

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ туралы

Миссия

Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғамды құруға қатысатын барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерілету стратегиясын әзірлеу және іске асыру.

Толығырақ

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық» КЕАҚ

Орталық туралы

2018 жылдың қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушылар Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын құру идеясын ұсынды.

2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы құрылды.

https://religions-congress.org

Толығырақ

«Хабар Агенттігі» АҚ

«Хабар» – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна «Хабар 24» және киноканал EL ARNA деген үш арнаның телеотбасысы. «Хабар» Агенттігі өзінің тарихын 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасында «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылған кезден бастайды. Басқару органы – құрамында 7 мүшесі бар Директорлар кеңесі, оның 3-уі тәуелсіз директорлар болып табылады. Атқарушы орган – Басқарма. Орташа тәуліктік хабар тарату: «Хабар» – 20 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат спутниктік хабар тарату және аналогты сигнал тарату, EL ARNA – 24 сағат. Бізді Қазақстанның кез келген жерінен көруге болады, телеаудиторияны қамту 99% құрайды. Агенттіктің ел өңірлері мен жақын және алыс шетелде дамыған тілшілер желісі бар. АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия және Өзбекстанда өкілдіктер ашылған.

https://khabar.kz/kk/agency/biz-turaly

Толығырақ

«Qazaqstan» Республикалық Телерадиокорпорациясы АҚ

Корпорация туралы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Balapan», «Qazsport», «Abai tv» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar» Ұлттық арнасын, «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін «Қазақстан» республикалық  телерадиокорпорациясы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын алады. Мекеме Қазақстандағы теле-радиожурналистиканың үздік дәстүрін мұра етіп келеді. Оның бастауында 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарна тұр.

https://rtrk.kz/kz/about/

 

Толығырақ

«Qazaq gazetteri» ЖШС

Компания туралы

«Qazaq gazetteri» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Qazaq gazetteri» жабық акционерлік қоғамының заңды мұрагері болып табылады. Алғаш рет акционерлік қоғам 1999 жылғы 12 шілдеде тіркеуден өткен. (Заңды тұлғаның 1999 жылғы 12 шілдеде берілген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі 27390-1910-АҚ) Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 538 кос өкімі бойынша «Қазақ әдебиеті», «Ұйғур авази», «Ана тілі», «Қазақ елі» газеттері және «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Ақиқат», «Мысль» журналдары меншігі негізінде құрылған.

https://kazgazeta.kz/page/3

Толығырақ