«QazContent» АҚ
Агенттік туралы
«QazContent» » АҚ – Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.
ҚазАқпарат 100 жылдан астам уақыт ішінде саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел ақпарат таратып келеді.
QazContent арқылы Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің, аймақтық билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдардың қызметі туралы ресми ақпарат таратылады.
Бүгінде QazContent ақпараттық қызметі бұл:
– Мемлекеттік ақпараттық саясат;
– Әдебиет;
– Тарих;
– Ойын-сауық;
– Мультимедиа;
– SMM.
QazContent қызметі қазақ, орыс, ағылшын, шетелдерде тұратын отандастарға қазақ тіліндегі жаңалықтарды беру үшін латын графикасы мен араб төте жазуы пайдаланылады:
– www.baigenews.kz ақпарат агенттігі;
– www.baq.kz қазақ тілді ақпарат агенттігі;
– www.primeminister.kz ҚР Премьер-Министрінің рсеми сайты;
– www.adebiportal.kz әдеби порталы;
– www.e-history.kz «Қазақстан тарихы» интернет жобасы;
– www.el.kz (assembly.kz) ақпараттық-танымдық порталы;
Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы - тілшілер бюросы бар.
ҚазАқпаратта өзге отандық ақпарат агенттіктерінде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.
Бүгін "ҚазАқпарат "ХАА" АҚ пайдаланушыларының географиясы әлемнің барлық елдерін қамтиды.
Журналистиканың үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы агенттік қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне сеп болып отыр.
Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қоғамның Жарғысын басшылыққа алады.
1.Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін іске асырады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау аясында ақпараттық-публицистикалық жұмыстарды, соның ішінде елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты интернет желісі арқылы, жылдам тарату жолымен іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықтағы ұнамды халықаралық имиджін қалыптастыру;
2) инновациялық технологиялар саласында шешім қабылдаудың тиімді әдістері аясында консультациялар беру қызметін көрсету;
3) Интернет-конференциялар, брифингтер, баспасөз іс-шараларын, бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшыларды тарта отырып басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) интернетте жарнамалық орынды ұсыну (сату) қызметін көрсету;
5) дерекқорларды басқару жүйесін қолдана отырып порталдарды және веб-жобаларды алгоритмдеу;
6) Интернетте мемлекеттік электронды порталдарды ақпараттық басқару, толтыру және қолдау;
7) Интернетте ақпарат өңдеудің инновациялық құралдарын қолдану арқылы деректерді өңдеу және орналастыру қызметін көрсету.
ҚазАқпарат ұжымы - бұл белгілі теле- және радиожурналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері.
Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат
Қазіргі уақытта Агенттік бүкіл әлемнің бойынша 50-ге жуық, оның ішінде ТАСС (Ресей), ИРНА (Иран), ANSA (Италия), YONHAP (Корея Республикасы), МОНЦАМЭ (Моңғолия), Anadolu Agency (Түркия), Kyodo (Жапония), MTI/DUNA (Венгрия), УзА (Өзбекстан) FENA (Босния және Герцеговина), АЗЕРТАДЖ (Әзербайжан), TREND (Әзербайжан), Арменпресс (Армения), БелТА (Беларусь), MENA (Мысыр), Синьхуа (Қытай), XOBAР (Тәжікстан), КАБАР (Қырғыз Республикасы), Татар-информ (Татарстан Республикасы), Башинформ (Башқұртстан), TASR (Словак Республикасы) ақпарат агенттіктермен уағдаластыққа ие.
Сонымен қатар, «Қазақпарат» ХАА ОАНА ақпараттық агенттіктері халықаралық қауымдастығының (Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпараттық агенттіктері ұйымы), ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық ақпараттық агенттіктері қауымдастығының (АНИА), түркітілдес елдердің ақпараттық агенттіктері ұйымының (ТКА), «Бір белдеу – бір жол» атты жаңалықтар желісінің (BRNN) мүшесі болып табылады.