Құрылым

Ішкі аудит департаменті

Министрге Министрліктің стартегиялық мақсаттары мен тапсырмаларына қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органда тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген тәуелсіз және объективті ақпаратты Министрге ұсыну.

Толығырақ

Білім және ғылым департаменті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылыми жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Министрліктің өзге де нормативтік құқықтық актілері мен ішкі құжаттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департамент мыналардан тұрады:

Білім және ғылым басқармасы.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-03-05

Электрондық пошта:

m.nurgalieva@mki.gov.kz

Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті

Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді.

Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы бекітеді.

Департамент:

1) Цифрлық трансформациялау басқармасынан (бұдан әрі – ЦТБ);

2) Жобалық менеджмент басқармасы (бұдан әрі – ЖМБ);

3) Электрондық архив басқармасы (бұдан әрі –ЭАБ) тұрады.

Толығырақ

Креативті индустриялар департаменті

Креативті индустриялар департаменті креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, оның дамуының жаһандық үрдісін ескере отырып, креативті индустрияларды дамыту стратегиясын қалыптастырады және т.б.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-01-08

Электрондық пошта:

a.zhonkina@mki.gov.kz

Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Бюджет және Салық кодекстерін  басшылыққа алады.

Толығырақ

Экономика және қаржы департаменті

Бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және орындау мониторингі бөлігінде үйлестіруді,  Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастырумен айналысады.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-00-66

Электрондық пошта:

a.dosschanova@mki.gov.kz

Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті

Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамытуды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарда ашықтық және қоғамдық қатысу қағидаттарын дамыту

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-03-24

Электрондық пошта:

k.akhetov@mki.gov.kz

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті

Департаменттің негізгі бағыттарының бірі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Қоғамдық қарым-қатынастарды, құқық қолдану практикасы және кәсіби қоғамдастықпен талқыланатын мәселелерді талдау отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту және арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша заңнаманы жетілдірудің өзектілігін көрсетті.

Толығырақ

Телефон:

8 (7172) 74-11-99

Электрондық пошта:

a.mukataeva@mki.gov.kz

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Републикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бекітеді.

Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы бекітеді.

Департамент:

1) Екіжақты ынтымақтастық басқармасынан (бұдан әрі – ЕЫБ);

2) Көпжақты бастамалар басқармасынан (бұдан әрі – КББ) турады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74 02 88

Электрондық пошта:

as.kozhina@mki.gov.kz

Кадр жұмысы департаменті

Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді.

Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы бекітеді.

 Департаменттің қарамағына:

1) Кадр жұмысы басқармасы;

2) Ынталандыру және кадр әлеуетін дамыту басқармасы;

3) Әдеп басқармасы;

4) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы;

5) Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы.

Толығырақ

Заң департаменті

Заң департаменті норма шығармашылығымен, заң сараптамасымен, Министрліктің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесінің қызметін ұйымдастырумен, сондай-ақ ведомствоның қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады.

Толығырақ

Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті

Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Қазақстан Републикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7172) 74-14-81

Электрондық пошта:

i.isabekov@mki.gov.kz