«Хабар Агенттігі» АҚ
«Хабар» – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна «Хабар 24» және киноканал EL ARNA деген үш арнаның телеотбасысы. «Хабар» Агенттігі өзінің тарихын 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасында «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылған кезден бастайды. Басқару органы – құрамында 7 мүшесі бар Директорлар кеңесі, оның 3-уі тәуелсіз директорлар болып табылады. Атқарушы орган – Басқарма. Орташа тәуліктік хабар тарату: «Хабар» – 20 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат спутниктік хабар тарату және аналогты сигнал тарату, EL ARNA – 24 сағат. Бізді Қазақстанның кез келген жерінен көруге болады, телеаудиторияны қамту 99% құрайды. Агенттіктің ел өңірлері мен жақын және алыс шетелде дамыған тілшілер желісі бар. АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия және Өзбекстанда өкілдіктер ашылған.